Еліміздің аумағында көптеген ежелгі қалалар мен қала орындары сақталған. Сөздікке сүйенер болсақ, ежелгі қала дегеніміз - археологиялық деректер негізінде анықталған ежелгі қала қоныстары. Тарих беттерінен Басқамыр, Баласағұн, Аяққамыр, Сарайшық, Сауран, Отырар, Созақ, Испиджаб, Мерке секілді қалалар барлығымызға мәлім. Енді осы ежелгі қалалар ішінде ең көне және ең танымал бес қала жайлы айта кетейік.
Еліміздегі "ең көне қала" атағы Тараз қаласына тиесілі. Бұл қаланың 2000 жылдан астам тарихы бар. Қала орта ғасырлардан бері "Тараз" атымен белгілі болған. Бұл көне қаланың Ұлы Жібек жолы бойында ерекше маңызы болған.
Келесі орында 1500 жылдан астам тарихы бар ежелгі әрі қасиетті қала Түркістан. "Қасиетті" деп атауымның бірден - бір себебі бұл қалада Арыстанбаб кесенесі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Қарашаш ана кесенесі т.б. секілді тарихи қасиетті орындар бар. Қаланың іргетасы – V-VІ ғасырларда қаланған.
Шамамен 1400 жылдай тарихы бар Құлан қаласы да көне қалалар тізімінде өз орны бар. Саяхатшылар қолжазбаларында Құлан Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетіледі.
Қазақстанның орта ғасырлардан бері әйгілі қалаларының бірі - Отырар қаласының шамамен 1300 жылдан астам тарихы бар. Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі. IX ғасырда қала мәртебесіне көтерілді. Отырар қаласы құрылған кезінен бастап аса ірі кітапхана мен мәдени ошақтарға бай болды.
Бұл тізімде бесінші орында иемденген 1000 жылдан астам тарихы бар қала - оңтүстік астанамыз Алматы қаласы. Археологиялық зерттеулер VII-IX ғасырларда қазіргі Алматы қаласының территориясында бірнеше елді мекендердің болғанын, олардың IX-X ғасырларда қалашықтарға айналғандығын көрсетеді.
Қазақтың ұлтттық тағамның алуан түрі көп,Қазақтың ұлттық тамағы -ет, Ет адамға әл-қуат ,береді,Еттен бесбармақ асады ,қуырдақ қуырады, Бешбармақ ұғымы -5 саусақты білдіреді,Бұл тағамды қой,сиыр,жылқы еттерінен дайындайды,Дайын және жуылған еттерді қазанға немесе кастрюльге салқын су құйып салады,қайнағаннан кейін,отты бәсендетіп,көбігін алып ары қарай піскенше жәй қайнатады,Ұннан нан илеп оны оқтаумен ысып,сосын кескеннен кеін сорпасына салады,Піскеннен кейін тұздық жасап,етін,нанын табаққа салып,сыйлы қонаққа ұсынады, Қазақтың бешбармағын мен өте ұнатамын!
Күрделі сөз. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, ашудас, бесжылдық, боз торгай, қара торы, он уш сияқты сөздер күрделі сөздер болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл-аймқ, (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бесжылдық (бес және жылдық), боз торғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он уш (он және үш).
Күрделі сөздер жасалу жолына қарай біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні, алғысөз), қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ, БҰҰ, ҚазМУ), тіркесті сөздер (қара торғай, қара көк, жүз бес) болып бөлінеді. Сөйтіп, күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, сөйтіп, түбірдің бір түрі болып табылады.
Қазақстанның ежелгі қалалары.
Еліміздің аумағында көптеген ежелгі қалалар мен қала орындары сақталған. Сөздікке сүйенер болсақ, ежелгі қала дегеніміз - археологиялық деректер негізінде анықталған ежелгі қала қоныстары. Тарих беттерінен Басқамыр, Баласағұн, Аяққамыр, Сарайшық, Сауран, Отырар, Созақ, Испиджаб, Мерке секілді қалалар барлығымызға мәлім. Енді осы ежелгі қалалар ішінде ең көне және ең танымал бес қала жайлы айта кетейік.
Еліміздегі "ең көне қала" атағы Тараз қаласына тиесілі. Бұл қаланың 2000 жылдан астам тарихы бар. Қала орта ғасырлардан бері "Тараз" атымен белгілі болған. Бұл көне қаланың Ұлы Жібек жолы бойында ерекше маңызы болған.
Келесі орында 1500 жылдан астам тарихы бар ежелгі әрі қасиетті қала Түркістан. "Қасиетті" деп атауымның бірден - бір себебі бұл қалада Арыстанбаб кесенесі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Қарашаш ана кесенесі т.б. секілді тарихи қасиетті орындар бар. Қаланың іргетасы – V-VІ ғасырларда қаланған.
Шамамен 1400 жылдай тарихы бар Құлан қаласы да көне қалалар тізімінде өз орны бар. Саяхатшылар қолжазбаларында Құлан Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетіледі.
Қазақстанның орта ғасырлардан бері әйгілі қалаларының бірі - Отырар қаласының шамамен 1300 жылдан астам тарихы бар. Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі. IX ғасырда қала мәртебесіне көтерілді. Отырар қаласы құрылған кезінен бастап аса ірі кітапхана мен мәдени ошақтарға бай болды.
Бұл тізімде бесінші орында иемденген 1000 жылдан астам тарихы бар қала - оңтүстік астанамыз Алматы қаласы. Археологиялық зерттеулер VII-IX ғасырларда қазіргі Алматы қаласының территориясында бірнеше елді мекендердің болғанын, олардың IX-X ғасырларда қалашықтарға айналғандығын көрсетеді.
Сіздің бұл көне қалалар жайлы естуіңіз бар ма?