Заманауи сән үлгісін қалай мадақтауға болады ругать, бірақ, қалай болмасын, сирек табылады адам, ол бей-жай болып қалады. Бүгінгі сән – нағыз бірегей. Ол ұсынады адам бостандығы, аудандық қызметтермен ерекше бақылауға алынатын шеңберін негізгі сән үрдістерін және ешкімді мәжбүрлемейді белгілі бір имидж. Бас ұраны қазіргі сән – бол бос және тәуелсіз, цени ыңғайлылық пен жайлылық, өз-өзіңе лайықты бол сен боласың, стильді және сәнді. Осылайша, прислушивайся өз қалауына! Бұл оңай болуы мүмкін? Сонымен қатар, бұл қиын болуы мүмкін. Қазіргі заманғы сән болжайды тұрақты өзгертуді өз имиджін. Қазіргі заманғы сән береді сезінуге мүмкіндік өз-өзіне сенімді, және шын мәнінде, стильді. Маңызды емес, қандай бағытта сен остановишь өз таңдауы", "бүгін" деген ұғым "жастар сәні" мүлде жасамайды. Ол маңызды емес, бұл саған қазір – іскерлік киім немесе киім спорттық стиль. Ең бастысы – сен өзіңді ощущаешь осы нарядта екенін сезінесің дәл сен және шын мәнінде саған ыңғайлы. Үшін жақсы көрінуі керек, ең алдымен, болуы тиіс жақсы бұлшық. Бірақ мұндай бар болса, емес, барлық. Мұндай жағдайда киім жақсартуға көмектеседі сіздің пропорция және жақсы жаққа көлемі, жасыру кемшіліктері және астын сызу қадір-қасиетін сіздің дене. Бұл ретте маңызды емес киюге міндетті түрде сәнді силуэт, "табу" нысаны, содан кейін оны қалай ауытқып тұруы мүмкін өзгерістерге сәйкес сән жолымен Іріктелген бөлшектерді, түсті, әрлеу, бұйымдар. Әрқашан бар бірнеше шешімдер, олар есептелген, адамдардың әр түрлі жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жақсы дәмі киім – бұл түсіну ақылға қонымды шаралар барлық, бұл формалар, сызықтар мен түсті костюм. Ерекше шик алды бүгін сафари стилі. Араб тілінен аударғанда "сафари" — бұл саяхат бойынша Шығыс Африкада аң аулау мақсатында ірі жануарлар. Арасында киім, жататын сафари стилі таба шорты, бриджи, шалбар мен қысқа жеңді жейде. Алайда, қазіргі заманғы мода өз түзетулерін енгізді және разбавила бұл тізім юбками, платьями және сарафанами. Әрине, олар қарапайымдылығымен ерекшеленеді (жиі тек сыртқы) және еркін кроем. Киім сафари ешқандай жағдайда болуы тиіс стеснять қозғалыс, ол болуы тиіс барынша ыңғайлы. Ретінде және кез келген басқа стиль, сафари мұқтаж дұрыс аксессуарах. Үшін әсіресе өзекті оған баулар мен белбеу, міндетті түрде бір таңбаның с костюмом. Киім бұл стиль құрылады, әдетте, табиғи маталар, сияқты керек-жарақтар.
Жамбыл Жабайұлы (28 ақпан 1846,Жамбыл тауы-22 маусым 1945, Алматы) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.
Өмірбаяны
Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүзШапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.
Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.
Бақытты балалық Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға жағдай жасап отырған Елбасымызға алғыс айтамыз. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген балалар балалықтың бал дәмін тата алмай жүр. Зорлық-зомбылық көрген баланың келешегі не болмақ? А кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті. Ал біз он үш жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз.Сондықтан қолымызда бар нәрсемен қанағат етейік!