Сабақтан келе жатсам, алдымнан ертоқымы бар шегіртке шықты. Оған мініп алып, жер жүзін бір күнде аралап шықтым. Жер жүзінің шетін көрдім. Үйіме оралсам үйімді құмырсқалар тасып салып жатыр екен. Үйімді екі күннің ішінде құмырсқалар салып бітіріпті. Бір күні жаңбыр емес, балмұздақ емес, кәмпит жауыпты. Қуанғаным сонша, бәрін теріп алдым да, сөмкеме салдым. Сөйтсем, сөмкем тоңазытқыш болып кетіпті. Жазда қар жауып, шана тептік. Күн түнге, түн күнге айналыпты. Мен бүгін ұшатын тышқан, ұшатын пырақ, ұшатын пингвин көрдім. Пингвин балық емес дельфин жепті, ал пырақ адам жепті, тышқан пингвин жепті. Қоңызыма отыра сала үйіме жөнелдім.
Объяснение:
Болады ма?
Фантастика - ең ескі жанр. Қазақ ертегілерінің ғажайып кейіпкерлері: таусоғар, желаяқ, саққұлақ, жалғыз көзді дәу, жалмауыз кемпірлер - өз заманындағы фантастикалық бейнелер. Аталмыш жанрдың түп атасы - ауыз әдебиеті. Ал біздің заманымыздың еншісі - ғылыми фантастика. Кезінде фантаст жазушыларымыздың қаламынан туған «робот» есімді темір адамдар жеті қат көктегі жұлдыздар әлемінде қадам басып, жер астына дейін сапар шекті. Кеңес дәуірінде осындай қиял-ғажайыпқа толы романдар, повестер, хикаяттар, әңгімелер жетіп артылатын. Олардың бәрі келешек пен өткен заманның құпияларын барлап, хал-қадерінше әдебиеттің, мәдениеттің дамуына ықпал етті.
Ал қазір ше? Қазіргі оқырман ондай қиял-ғажайыптарға сенуден қалып барады.