Еңбек түбі береке.
Еңбек - адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.Адам өмірі еңбекпен тығыз байланыста болады. Жалпы, еңбек адамның табиғи жетістігі болып саналады.
Қазақ халқы қашан да еңбекке аса үлкен мән беріп, бала тәрбиесінде де еңбекқорлықты маңызды санаған. Бұған дәлел ретінде «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдардан еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін аңғаруға болады. Ал еріншектік, жалқаулық жақсы қасиетке жатпайды. Тіпті ұлы дана Абай атамыз да еріншектікті бес дұшпанның біреуі санаған.
Сондықтан балаларды кішкене күнінен еңбекке құштар қылып тәрбиелеп, адал еңбекпен тауып жеген нанның тәтті болатынына үйрету керек деп есептеймін.Себебі, біз еңбектенудің арқасында көптеген нәрселерге қол жеткіземіз. Мысалы, күнделікті ішіп- жейтін тамағымыз бен киетін киіміміздің өзі еңбекпен келеді.
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады. Сондықтан да «еңбек түбі береке» екенін жадымызда ұстаған абзал.
Менің ойымша әр адамның өз бойында бір өнері болады. Яғни ол басқалардан бір немесе бірнеше өнерімен ерекшеленуі мүмкін. Өз өнерінің арқасында көп адамды таңғалдыруы мүмкін. Кейбір адамдар өте білімді және ақылды. Ал кейбіреуі спорт жағынан мықты, біреуі әнші болса біреуі боксер болуы мүмкін әр адамда өзіне тән бір қасиет өнері бар.
Барлық адам бірдей емес. Егіздер болса да олардың ойлары мен саналары басқа. Бір-біріне түрімен ұқсаса да өнері, ойы және білімімен ұқсамайды. Біреуінің күші болмай ақылы, білімі болуы мүмкін. Ал біреуі ақылсыз мықты боксер болуы мүмкін. Ешкім бірдей емес. Әркімде өз өнері бар.
Мысалы менің досым, сабақтан жақсы оқымайды, бірақ бокстан қанша жарысқа барып келім, қаншасынан бірінші орынды алып келді. Біздің сыныбымыздың мақтанышына айналды. Тағы бір досым бар. Ол спорттан жақсы емес бірақ оқудан, әсіресе Тарихтан жақсы.
Сондықтан да әр адамда өзіне тән бір қасиет бар. Ол адам өмірге келуінен онымен бірге қалыптасады. Ешкімге оның өмірін, білімін, өнерін білмей оған қорытынды жасауга болмайды. Әркімде өзінің өнері болады, олсыз болмайды!