Оқи салшы))
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.
Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.
Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.
Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді.
1)
«Құсбегілік — елімізде кенжелеп қалған өнер. Кезінде ол не өнер емес, не спорт емес, бір ауыр күй кешкен кезде құсбегілікпен айналысатын ақсақалдармен ақылдаса отырып, аң аулайтын жыртқыш құстарды баптау, аңға салу ережелерін жасап едік. Қазір ол мүлдем ескірді. Енді халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, құсбегіліктің жалпы жаңа ережелерін, әдістемесін жасап, оны ұлттық спорттың бір түрі ретінде әрі қарай дамытуымыз қажет. Ол үшін бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орталық ашу қажет деп санаймын. Міне, сол орталықта көкпар болсын, тоғызқұмалақ болсын, бүркітшілік болсын, барлық ұлттық спорт түрлерінің мамандары жиналып, әркім өз саласын дамыту бойынша жұмыс жасар еді. Одан кейін әр облыста ұлттық спорт мектептерін, бөлімшелерін ашып, онда жастарды ұлттық спорт түрлеріне үйретуіміз керек»
2)
Құсбегілік– бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтайсияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнер. Құсбегілік қазақ, қырғыз халықтарында ежелден келе жатқан үлкен өнер ретінде саналады. Қазақ халқының арасында бұл өнердің тамаша шеберлері кең дәріптеледі. Мәселен, «Аспанда жүрсем қанатым талады, жерге қонсам жалайыр Шора алады», «Тінейдегі қасиет — ұялас екен сарқұспен, Шорадағы қасиет — тілдес екен бар құспен»,— деген сөз-дер бар
3) қарамен берілген сөздер 78беттегі 1тапсырма бойынша болса, онда.,
Қарамен берілген сөздер: Ақсұңқар, Ақтөс. Себебі: жер, су аттары, адам аттары, бас әріппен жазылады.