ответ:– Ханкелді аға, биыл ұлы ғалым Қаныш Имантайұлының туғанына 120 жыл толып отыр. Сіз тұлғатанумен айналысып жүрген ғалым ретінде Сәтбаев феноменін қалай түсіндіре аласыз?
– Артына өшпес із қалдырған дара тұлғалар ұлттың мақтанышы ғана емес, тағдыры мен тағылымы үздіксіз зерттеуді талап ететін күрделі тарихи құбылыс. Олардың шығармашылық мұрасы, терең ой-тұжырымдары, атқарған істері заманамен астаса қабысып, бүгінгі күннің, тіпті болашақтың өзекті мәселесі болып қала бермек. Осындай тұлғалар қатарында Қаныш Имантайұлы да бар. Сәтбаев құбылысы сан алуан. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейін:
Бірінші. Қ. Сәтбаевтың идеясымен, жаңалығымен, бастамасымен «Үлкен Жезқазған» бой көтерді. «Ертіс-Қарағанды» каналының қазылуына, Маңғыстау газ кен орнының ашылуына, тіпті сол аймақтың Түрікменстанға өтіп кетпеуіне де Қ.Сәтбаевтың тікелей қатысы бар. Оған дейін бірде-бір қазақ мұндай нәтижеге қол жеткізген емес. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев айтқандай, «Қаныш Имантайұлының Қазақстан аумағындағы табиғи қазынаны зерттеуге қосқан зор үлесін біз тек қазір ғана түсініп, тиесілі бағалап отырмыз».
Екінші. Қ.Сәтбаевтың бас болуымен Қазақстан Ғылым академиясы шаңырақ көтерді. Бұл да қазақ даласында бұрын-соңды болмаған табыс.
Үшінші. Шоқан ғылым көгінен ағып түскен жұлдыз болса, Қ.Сәтбаев – әлемдік ғылым көгіндегі мәңгілік жұлдыз. Нақтырақ айтсақ, 50-ші жылдар аяғындағы Лениндік сыйлықтың парқы мен нарқы Нобель сыйлығынан еш кем емес еді. Қаныш – Лениндік сыйлықпен марапатталған тұңғыш қазақ.
Объяснение:
Қазақтың ұлттық киімдері.
Ұлттық киім-кешектеріміз – біздің құндылықтарымыздың бірі.Қазақ халқының киім үлгілері ертеден ешбір халықтан кем болған жоқ.Себебі,ол сан алуандығымен,ыңғайлылығымен ерекшеленеді.Біздің ұлттық киімдерді сый ретінде жақындарына сайласа,бірде ырым ретінде де киетін болған.Киіміздің өн-бойында,ою-өрнектерінде байтақ даламыздың тарихы жатыр десек те болады.Халқымыздың ұлттық киімдерін ерлер киімдері және әйелдер киімдері деп екіге бөлеміз.Ерлер киімдеріне: айыр қалпақ, зерленген тақия, шапан, шалбар, тымақ және тағы да басқалары жатады.Ал әйелдер киімдеріне:көйлек, сәукеле, кимешек, кебіс-мәсі, тақия, бөрікті жатқызуға болады.Қазақ халқының ұлттық киімдерінің осынша әдемі болуы – елімізде қол өнердің дамығандығының белгісі.Дана халқымыз “терек – жапырағымен,
денең шүберегімен сұлу” деп айтып кеткендей,қазақтар жиындарда,той-думанда,тіпті соғысқа аттанарда да киім киістеріне мән берген.Мысалы:әйелдер қысқа көйлек кимесе,сал-серілер болса айшықты да сымбатты киіне білген.Олардың бөрік,тақияларында үкілері болған.Міне,осылайша қандай нәубет болса да қазақ халқы өз ұлттық құндылықтарын күні бүгінге шейін сақтап келді.