А тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер.Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде.Адам бойындағы жаман қасиеттердің бірі – бірбеткейлік. Өзгенің дегеніне көне қоймайтын бірбеткей мінезден туатын көптеген ерегестердің арты үлкен ұрыс-төбелес, дау-дамайға, тіпті адам өліміне дейін апаратынын көз көріп, құлақ естіп жүрген жайт. Алайда бірбеткейлікті ақиқаттан бет бұрмауға тәрбиелей білген адам туралықтан таймайды. Тіпті мансапқұмарлық, шенқұмарлық, жалқаулық тәрізді қасиеттер де оны райынан қайтарып, теріс жолға еліктіріп кете алмайды. Ондай адам пайғамбарымыздың сүннетінен сусындаған мұсылмандық тәрбиеге беріктік танытады. Нәпсіге тән бірбеткей мінезді осылай тезге салғанда ғана ол тура жолда табандылық таныту, ақиқатқа бас ұру тәрізді ізгі қасиеттерге кенеле түседі.Бұлай өмір сүрген жан уақыт өте келе құрметті мәртебеге қол жеткізеді.
Мен ата – анама көмектесемін.
Біздің отбасымызда апалы – сіңлілі үш қызбыз. Ең үлкен әпкеміз қаламыздағы беделді жоғарғы оқу орындарының бірінде білім алады, оқу озаты, бос уақытында кәсіби би үйірмесіне қатысады. Одан кейін – мен, гимназияның жетінші сыныбында оқимын, бос уақытымда домбыра үйірмесіне қатысамын; және үйіміздің кенжесі – сіңіліміз биыл екінші сыныпта оқиды. Үйде ата – анамыз жоқ кездері үлкен әпкеміз бізге бас – көз болып, сабағымыз бен тәртібімізді қадағалап отырады. Анамыз бізді кішкене кезімізден үй шаруасын жасауға, тамақ әзірлеуге үйретіп, қазіргі уақытта бізді алаңсыз өзімізді үйде қалдырып кете береді, себебі біз үй шаруасын барлығымыз бірлесіп жасаймыз: біріміз еден жусақ, екіншіміз шаң сүртіп, енді басқамыз қоқыс шығарамыз. Бұл ретте анамыз үнемі бізге «Істегенің маған жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы» деп айтып отырады. Бұл қағида қашан да біздің есімізде.
Ата – анамыз жұмыстан келгенше, қайсымыз ерте келсек, тамақ әзірлей береміз. Демалыс күндері анамызбен бірге дүкенге барып, үйге керекті азық – түлік алғанды ұнатамыз. Осылайша, ата – анамызға көмектесу арқылы біз болашақта өздігімізше өмір сүріп, шешім қабылдауға үйренеміз деп ойлаймын. Қолымыздан келгенше ата – анамызға көмектесейік.
Компьютер сможет мыслить при условии, что он в большей степени станет похож на человека (в смысле сопоставимости величин параметров этих информационных машин).