Қуыршақ театры туралы диалог құрастыру.
Мұғалім: Балалар, осы демалыс күні қаламыздағы қуыршақ театрына барып, жаңа қойлып тамашалап қайтайық, қалай қарайсыңдар?
Оқушылар: Жақсы, апай. Әрине, өте жақсы болар еді.
Мұғалім: Қанеки, кім біледі екен - қаламыздағы қуыршвқ театры қай жылы ашылған?
Мейрамбек: Апай, мен білемін. Біздің қаламызда 1959 жылы құрылған балалар сарайының қуыршақ театры жұмыс істейді. Әрбір мерекеге орай міндетті түрде сахналанған көрініс әзірлеп, лық толы зал жинайды.
Мұғалім: Жарайсың, Мейрамбек! Қайдан білдің?
Мейрамбек: Ата - анаммен театрға барғанымда фойеде оқып, есімде сақтап алғанмын.
Мұғалім: Ал қуыршақ театрының қандай түрлерін білесіңдер?
Еркебұлан: Қуыршақтың түріне және оны қимылға келтіру тәсіліне қарай олар бірнеше түрге бөлінеді: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.
Мұғалім: Бәрекелді! Қарсы болмасаңдар таңертеңгі қойылымға барайық?
Оқушылар: Жақсы, апай!
Пырылдар көкте инелік ,Инелік емес үй делік. (Тікұшақ Вертолет)
Жылдам барып қайтады,Не айтсам соны айтады,Жатырқамайды ешкімді,Бекер деп кім айтады. (Телефон)
Жүйіткіген дәу үйінде,Жүйрік деп ел сүйінді.Тас жолда жұртты тасып жүр,Жылдамдыққа басып жүр. (Автобуc)