Салт етістік[1] — табыс септікті сөзді қажет етпей, түрлі қосымшалы сөздермен тіркесіп келетін етістік түрі
Сабақты етістік[1] — табыс септігіндегі сөзді керек ететін етістік түрі.
Болымды етістік
Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың іс-әрекеттің болуын білдіреді.
Болымсыздық есімдік, қ. Есімдік. Болымсыз етістік — қимыл, іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдеретін етістік.
Зат есімнің жіктелуі
Зат есімдер сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда жіктеліп қолданылады. Жіктік жалғаудың 3-жағы және жекеше, көпше түрлері бар. Әдетте 1—2-жақтарда адамға байланысты зат есімдер жіктеледі де, 3-жақта кез келген зат есім бола береді:
Заттың біреуге тән екендігін білдіретін жалғау ларды тәуелдік жалғаулар деп атайды
. көркем әдебиет ,
. музыка ,
. мүсін ,
. кескіндеме ,
. театр ,
. кино ,
. би ,
. сәулет өнері , т.б. түрлері бар.
Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысынакүйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады. Өнер теориясы бойынша көркем шығармаға негіз болған матерялдық арқауына байланысты өнер түрлерінің негізгі үш тобы туындайды:
1) мекендік немесе пластикалдық ( кескіндеме , мүсін , графика , көркем фото , архитектура , т.б.) яғни, көркем бейнені кеңістікте түзетін өнер түрлері,
2) мезгілдік (сөз және музыка өнері ), яғни көркем бейнелерді уақыт кеңістігінде құратын өнер түрлері.
3) мекенді-мезгілдік ( би , актерлік өнер және осыған негізделген аралас түрлер – театр , кино , телевизия , эстрада , цирк , т.б.), яғни көркем бейненібелгілі бір уақыт кеңістікте түзетін өнер түрлері