М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Romchik1111111
Romchik1111111
21.03.2022 22:44 •  Қазақ тiлi

Насыбай жыраудың казак әдебиетіндегі орны? кенесары-наурызбай такырыбы мен идеясын аныктандар?

👇
Ответ:
diman122001
diman122001
21.03.2022

«Кенесары - Наурызбай», тарихи жыр. Бұл дастанды Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған. Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. Бұл жырды тарихшы ғалымдар да, жазушылар да өздерінің зерттеу жұмыстарында, шығармашылық қызметтерінде дерек кезі ретінде пайдаланған. Ұлт-азаттық көтерілісінің ішінде жүріп, оның жалынды жыршысына айналған Нысанбайдың аузынан тараған жыратапған себептерге орай, тарихи жәдігер ретінде де, көркемдік ескерткіш ретінде де ете құнды дүние. Жыр алғаш рет 1875 ж. С. Жантөрин мен Т. Сейдалиннің аудармасымен «Записки Оренбургкого русского географического общества» журналының 3-ші белімінде сөзі қазақша, әрпі орысша болып басылды, қазақ тілінде 1912 ж. Қазанда Университет баспаханасында Жүсіпбек Шайхисыламұлы жинап жырлаған жыр нұсқасы «Қисса-и Наурызбай төре Қасым уғлы Қасым Абылайханов» деген атпен жарык көрді. Ә. Диваев жинаған Ж. Басығарин нұсқасы X. Досмұхамедұлының алғы сөзімен 1923 ж. Ташкентте, Н. Төреқұловтың алғы сезімен 1924 ж. Мәскеуде жарияланды. Бұл басылымдарда Нысанбай жырауға үлкен қиянат жасалды: көтеріліске тіл тигізіліп, мазмұн жағы мүлдем басқа арнаға түсті. Е. Ысмайылов пен Қ. Бекхожин Кенесарыға тіл тигізетін бұрмаланған жерлерді алып тастап, Нысанбайға тән үлгімен жырланатын нұсқаны 1940 ж. өздері құрастырған «Батырлар жыры» деген көлемді жинаққа енгізді. Жырдың түпнұсқаға жақыны 1875 ж. нұсқа мен толық та көркем үлгісі - 1938 ж. ҚР ҰҒА фольклор экспедициясының торғайлық Қашкынбай Қараевтан жазып алған нұсқа. Жыр Кенесары-Наурызбай көтерілісінің шырқау биікке жетіп, әлсіреген кезін, көтеріліс басшысы хан Кененің мұздай каруланған патша әскерінің екпініне тойтарыс беруге шамасы жетпей, атамекенінен еріксіз кетіп, торға түскен жаралы жолбарыс күйін кешкен күйзелісін бейнелейді. Нысанбай жыраудың халық атынан қос батырын жоқтаған мұң-шерге толы зарлы жоқтау жырында көтерілістің, өзекті арнасын үлкен ауқымда қамтып, Кенесары, Наурызбай ерліктерін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді, эпикалық оқиғаға лирикалық сипат беріп, заман шындығын тебірене жырлайды. Жыр керкемдік қуатымен ғана емес, тарихи деректі сипатымен де кұнды. Тарихшы-ғалым Е. Бекмаханов атап көрсеткендей, жыр көтеріліске байланысты туған басқа шығармалардан озық, «жырда тарихи мәні бар жекелеген оқиғалар шындықпен баяндалады», шығармада суреттелген жайттар көтеріліс кезінде болған окиғалардан алшақтап кетпейді. Сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің ескі мұра атаулыға қарсы саясаты бұл бағалы тарихи жырды жарты ғасыр уақытқа дейін жылы жауып қоюға мәжбүр етті де, еліміздің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты «Кенесары-Наурызбай» жыры да халқымен қайта кауышты. Нысанбай ақыннын бұл жыры «Хан кене» жинағы (1993) мен «Қазақ халык әдебиеті» көп томдығының Кенесары-Наурызбай көтерілісіне арналған тарихи жырлар топтастырылған 17-томына (1996) енгізілді. Әуезовтін, Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің тарихымен терең таныс болғандығын 1924-25 жылдары жазылып, 1927 ж. баспадан шыққан «Әдебиет тарихы» оқулығында «Кенесары-Наурызбайдың» қысқаша әңгімесі» және «Кенесары жырының мәнісі» атты тараушалар жазып, алғашында жырдың оқиғалық ағымын, сюжеттік құрылымын зерттеп, екіншісінде жырды көркемдік тұрғыдан терең талдағанынан көреміз. Әуезовтің тағдыры қиын болған шығармаларының бірі - «Хан Кене» пьесасы. Пьесаны да Әуезовтің «Кенесары-Наурызбай» жырындағыдай ұлт-азаттық қозғалыстың соңына, қырғызбен болған соғысқа арнаған. Окулықта жырдың фабуласына, сюжетіне шолу жасалып, мазмұны айтылған. Әуезов мұнда суреттелген оқиғаларға қатысты өзінің көз- қарасын сездіре отырып, Нысанбай жыраудың ұлт-азаттық көтерілісінің жыршысы ретіндегі акындық, адамдық бейнесіне де баға береді, өз ойын білдіріп отырады. Жырдың көркемдік ерекшеліктеріне катысты терен ойлар айткан. Жалпы тарихи жырлар туралы, оның ішінде Нысанбай жыраудың шығармашылығы туралы кейінгі жылдардағы зерттеушілердің «Кенесары-Наурызбай» жырына қатысты ойлары Әуезов ойларымен толықтай үндеседі. Әуезовтің 1924-25 жылдары айтқан «Кенесарының қайғы-екінішімен біткен жорығы қазақ баласының барлығына да қадірлі, қасиетті әңгімедей болып көп жайылған. Бұл жырдың көп жайылуына екінші бір себеп болған нәрсе - Кенесары ісінің өзге батырлардың ісінен әлдеқайда ірі, әддеқайда көлемді оқиға болғандықтан туады» деген ойлары Кенесары тұлғасына да, Нысанбай жырына да берілген әділ баға. Әуезов еңбегінде Нысанбайдың шығармашылық бейнесі терең талданып, Абылай хан заманындағы Бұқар жыраудың шығармашылык қызметінің өзіндік ерекшеліктерімен салыстыра көрсетілген. Бұқар жырауға қарағанда Нысанбайдың қолдың ішінде жүрген, әскердің барлық қиын-қыстау соғыстарының басы-қасында жүрген жыраудың

4,4(4 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
kamakiko11
kamakiko11
21.03.2022

Мұғалім туралы диалог.

Аружан: Сәлем, Мәди!

Мәди: Сәлем, Аружан!

Аружан: Қалың қалай? Өскенде кім болғың келеді?

Мәди: Білмеймін, өзің кім болғың келеді?

Аружан: Мен мұғалім болғым келеді.

Мәди: Неліктен?!

Аружан: Себебі, мен балаларға көптеген білім бергім келеді.

Мәди: Аружан, сен дұрыс айтасың!

Дәрігер туралы диалог.

Дәрігер: Сәлеметсің бе!

Әлия: Сәлеметсізбе, дәрігер!

Дәрігер: Сен ауырып тұрсың ба?

Әлия: Мен ауырып тұрған жоқпын. Мен сізбен сұхбаттасуға келдім.

Дәрігер: Ал, жақсы!

Әлия: Сіз кішкентай кезінізде кім болғыңыз келді?

Дәрігер: Мен дәрігер болғым келді. Өзің кім болғың келеді?

Әлия: Мен сіз сияқты дәрігер болғым келеді. Себебі, мен адамдары емдегім келеді. Олардың денсаулығын ойлаймын.

Дәрігер: Керемет, дұрыс айтасың!

Диқан туралы диалог.

Диқаншы: Сәлем, Арман!

Арман: Сәлеметсізбе, Диқаншы!

Диқаншы: Арман, сен кім болғың келеді?

Арман: Мен сіздей Диқаншы болсам деп армандаймын.

Диқаншы: Неліктен?

Арман: Себебі, сіз сияқты егін егіп, көп жұмыс жасағым келеді. Сосын менің таңдағанымның тағы себебі бар, ол диқаншы да ең қиын мамандық.

Диқаншы: Сенің айтқанына келісемін! Сен өте ақылды баласың, Арман!

Сылақшы туралы диалог.

Жандос: Сәлеметсізбе, Сылақшы! Мазалағаныма кешіріңіз! Мен сізбен сұхбаттасқым келеді.

Сылақшы: Сәлеметсіңбе! Әрине, сұрағыңды қоя бер.

Жандос: Сылақшы болған қиын мамандық па? Өйткені, мен сіз сияқты сылақшы болғым келеді. Бұл ең қиын мамандық деп ойлаймын.

Сылақшы: Мен сенің таңдауына келісемін. Балам, әр мамандық өте қиын.

Жандос: Мен сіздің айтқаныңызды былай түсіндім, оңай мамандық болмайды деп.

Сылақшы: Сен өте ақылды баласың!

Жандос: Сау болыңыз!

Міне.

4,4(67 оценок)
Ответ:
lagieto12345678
lagieto12345678
21.03.2022
Керней - старинный духовой казахский музыкальный инструмент, поддерживающий боевой дух воинов во время сражений.Камышовые и роговые сырнаи (кос сырнай, камыс сырнай)использовались в пастушьем быте. Игра на этих казахских музыкальных инструментах поднимала настроение одинокому пастуху, шедшему за стадом.Сыбызгы - широко распространенный казахский музыкальный инструмент в народном быту. Изготавливался из камыша, дерева, реже из металла, в виде двух деревянных желобков, скрепляемых нитью полыми сторонами.Саз сырнай - старинный духовой казахский музыкальный инструмент.В 1971 г. при раскопках сожженного в XIII в. древнего города Отрара был найден "предмет величиной с гусиное яйцо с двумя отверстиями по бокам". Это был саз сырнай. Сегодня его тембр - мягкий и теплый передать радость и печаль, пение птиц и завывание степного ветра, стал одним из символов исконно национального искусства. Заслуга возрождения саз сырная, как и других древних казахских инструментов, принадлежит Болату Сарыбаеву - и сследователю и собирателю казахских музыкальных инструментов, профессору, преподавателю Государственной Казахской консерватории им. Курмангазы.Узкирик - духовой казахский музыкальный инструмент типа свирели в форме парящей птицы, родственный саз сырнаю. Изготавливался из глины. Звук узкирика похож на звук ветра, отсюда и его название ("узкирик" значит "свист ветра"). Аналогичный узкирику инструмент, гораздо меньший по размерам, сохранился у башкир. Инструменты, близкие саз сырнаю и узкирику в виде детской игрушки, свистульки существуют у тюркских народов Поволжья. В охотничьей практике казахов, проживающих в Монголии, узкирик выполняет прикладную функцию. Его свистящий звук служит на охоте манком при ловле лис.
4,5(39 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ