Спорт - денсаулық кепілі.
Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Біраз уақыт жаттығып алғаннан соң мәнерлеп сырғанау үйірмесіне жазылғым келеді. Себебі, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Мен жекелеп сырғанау бағытын таңдағым келеді, сонымен қатар музыкаға икемім де бар, жаттығу маған қиын болмайды деп ойлаймын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Объяснение:
Етістіктерді бұйрық рай формасына қойып, сөйлемдер құрау.
Кітапхана бармас бұрын алдын – ала жұмыс істеу куақытын біліп ал.
Сабақтан келіп, тамағыңды ішкен соң сабағыңды оқы.
Демалыс күндері анаңа үй шаруасын істеуге қолғабыс жаса.
Кішкене қарындасыңа сабақ оқуға көмектес.
Қолың бос болса, кешкі асты дайындай сал.
Пәтерақыны уақытында төлеп тұрыңдар.
Енді кітаптың он тоғызыншы бетін ашыңдар да, ережені оқыңдар.
Үйге келе жатқанда нан сатып ала салшы.
Жаулауда малға ие бол.
Ағаң бар кезде компьютердің қолданылуын игеріп ал.
Әжең туған күніңе сыйға тартқан гүлді аялап өсір.