Бір қырман ұп-ұзын қып қойдым шауып а елдің көбін қойдым жауып, Аспанда бұрқырады,топан ұшты, Алмады жалғыз дәнді адам тауып. Қара жол Бір жолда екеуі жарысады, Бір-бірінен оза алмай алысады. Темір жол Бір заттың салмағы ауыр сансыз тонна, Ұстаған емес оны ешкім қолға. Пайдасы барлық заттан артығырақ, Сәнменен кере тартып жатар жолда. Рельс Бір нәрсе өзі жансыз ырғытылып, Өзінің аяғы жоқ бір мақұлық. Жаз болса көк шалапты сапырады, Шөмішін бір шығарып, бір батырып. Қайық Тап-тап,тап басқа, Табаны жалпақ көк қасқа, Үйірге салсаң кісінемес, Шөптің басын тістемес. Қайық Ұзын терек, Саясы жоқ. Жол Ұзын-ұзын ұз келер, Ұзын бойлы қыз келер. Жол Ұзын-ұзын, ұзын жіп, Ұшы қайдан табылар? Жол Жусаннан аласа, таудан биік. Жол А Менсіз кәсіп қылмас та, Басымды мен көтерсем, Аспан көкке жетермін. Қара жол
Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.[4]