сұрапыл соғыстың біткеніне де жетпіс бес жыл болады. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмайтын ізін қалдырды. Жеңіс үшін төленген құнның бірі— балалық шағын соғыс өрті шарпыған балалардың көз жасы. Соғыс және балалар деген ұғымның санаға симайтын, бір – біріне сәйкес келмейтін ұғым екенін түсінеміз. Дегенмен 1941-1945 жылдардағы балаларға соғыстың бар ауыртпалығын бастарынан өткізуге тура келді. Олар аштықты, жалаңаштықты көріп, қара қағаздан қайғы жұтып, зар жылаған ана дауысын естіп өсті.
Объяснение:
Орта Азия елдерімен салыстырғанда Қазақстанда қаншалықты бала құқықтары сақталады?
- Өткен жылы біз әлем бойынша Бала құқықтары туралы тұжырымдаманың 30 жылдығы мен Қазақстанның балалар құқығы туралы конвенцияны ратификациялағанына 25 жыл толуын атап өттік. 1989 жылы әлемдік көшбасшылар "БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясы" атты құжатты бекітті. Қазақстан 1994 жылы Конвенцияны қабылдап, балалардың құқықтарын қорғауға уәде берді. Қазақстан уәдесін көп жағдайда орындай алды. 5 жасқа дейінгі балалар мен сәбилер өлім-жітімін төмендетуге қатысты оңтайлы көрсеткіштерге қол жеткізді. Қазіргі уақытта әрбір қазақстандық баланың толық көлемде білім алуға мүмкіндігі бар. Дегенмен, Конвенцияда баяндалғандай баланың барлық құқықтары толық көлемде іске асырылмайды. Проблемалар назардан тыс қалу қаупі бар балалардың белгілі бір санаттарына қатысты. Айта кету керек, аталған мәселелер – Орталық Азияның барлық елдері үшін өзекті. Бұл балаларды қатыгез қарым-қатынастан қорғау, көші-қон үдерістерінде балаларға көмек көрсету, әлеуметтік жұмысты дамыту, интернат мекемелеріндегі балалар және отбасын қолдауға арналған балама бағдарламалар мен қызметтерді дамыту, даму ерекшеліктері бар балаларды сапалы біліммен қамтумен тікелей байланысты.