язык казахов, один из тюркских языков. наиболее близок каракалпакскому, ногайскому и карагашскому языкам, вместе с которыми образует кыпчакско-ногайскую подгруппу в рамках кыпчакской языковой группы[2].
формировался на протяжении xiv—xvii веков как язык родственных тюркских племён, кочевавших на территории современного казахстана в эпоху распада золотой орды[2]. окончательно отделился от других языков кыпчакско-ногайской подгруппы в середине xvii века, в эпоху казахско-джунгарских войн[3].
к отличительным особенностям казахского языка внутри кыпчакско-ногайской ветви относятся замена фонем «ч» и «ш» в общетюркских словах на «ш» и «с», чередование фонем «м-б-п» и «н-д-т» в зависимости от их положения в слове, а также более частые, в сравнении с другими языками подгруппы, заимствования из персидского и арабского языков[4][3].
Астананың туған күніне құттықтау.
Жансая құрбым!
Сені еліміздің бас қаласы, елордамыз, отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі Астана қаласының туған күнімен құттықтаймын! Өркениетті еліміздің бас қаласы қарыштап дамып келеді, небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді! Жас та болса, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар! Бас қаламыз жасай берсін, жайнай берсін, гүлдене берсін! Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін! Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.
Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап өткен болатын! Сондықтан осындай жемісті күндеріміз көп болғай! Астанамыздың туған күні тағы да құтты болсын!