Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді. - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті. - Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі. Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті. «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.
Менің туып өскен жерім қандай әдемі. Сондай сұлу. Айналада үлкен таулар,жасыл жайлау, әдемі қызғалдақтар, таза әрі мөлдір көктем. Мен үшін әрбір тас, әрбір құс, әрбір гүл қымбат. Егер алысқа кетіп қалсам, сені қатты сағынамын, тез қайтуға асығамын. Табиғатты сипаттау бұл өнер. Оны сөздермен сипаттау мүмкін емес. Маған сенің гүлденген көктемің, жасыл жазың, алтын күзің, мамық қысың ұнайды. Сол себепті мен табиғатта демалғанды жақсы көремін. Табиғатта ешқандай дауыс жоқ, бұл жерде тыныш. Өзімнің бос уақытымды табиғат аясында өткіземін
Сəлем
Сен қайда барасың?
Мен Көкшетау барады.
Кімге?
Ата аналар.Ал сең Көкшетауда болды?
Иə,маған өте ұнады.
Саубол
Саубол