М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Серыйпрайм
Серыйпрайм
16.05.2022 11:56 •  Қазақ тiлi

Написать эссе по казахскому языку 80 слов тема - қарапайымдылық - қадірлі қасиет

👇
Ответ:
MostQweek
MostQweek
16.05.2022
 Сәлем достар! Мен сіздерге маусым айында жазған жазбамды жариялауға бел будым. Сол кездегі ойым мен сезімімді жазған едім...    Мен үшiн адам бойында кездесетiн ең керемет қасиет-қарапайымдылық! Бүгiн аялдамада құрбымды күтiп отырған едiм, сол жерге аула сыпырушылар тобы келдi. Бұрын сыртынан қарағанда сарғыш киімдерін ғана көзiм шалатын, қандай адамдар екенiне қызығып қарап көрмеппiн. Бүгiн сол адамдарға жақыннан қарадым! Мен отырған жерге келген аула сыпырушылар тобы бес адам екен. Үш әйел адам және екi ер адам. Ең жастауы қырық бес-елу жас шамасындағы әйел, қимылы ширақ. Ал қалған екi әйел адам алпыстың ар жақ, бер жағында болуы керек. Беттерiндегi ойдым-ойдым әжiмдерiнен өмiр жолдарында аз қиындық көрмегендiктерi көрiнiп тұр, саусақтары да ауыр еңбектен быртиып қалыпты, жел мен шаңнан қап-қара болып кеткен. Ендi ер адамдарға тоқталсам: бiрi қоқыс салатын тракторға ұқсас машинада отырды түрiн аңдай алмадым, екiншiсi алпыстардағы бiр аяғын сылтып басатын кiсi екен. Сол кiсiлердiң түр-сипаттарына қарап отыр едiм, бiр кезде қырық бес-елу жас аралығындағы әйел адам ақсап басатын ер адамға: "осы сыпырғыш саған ыңғайлы болады ғой" деп сыпыртқы әкеліп берді. Ана кiсi сыпырғышын қоқыс салғыш көлікте отырғанға көрсетiп қуанды, бәрi мәз-мейрам. Осындай кiп-кiшкентай сыпырғыш осынша бақыт сыйлайды деп ойламаппын, қызық! Неткен қарапайымдылық! Оларды қымбат көлiктер де, виллалар да қызықтырмайды, себебi олардың өздерiнiң қарапайым әлемi бардай көрiндi маған!
4,6(39 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
29Vladislava13
29Vladislava13
16.05.2022

Макро (грекше makros — үлкен, ұзын) — үлкен, ірі деген мағынаны білдіретін күрделі сөздің бөлігі (мысалы, макрофагтар, макромолекула).

Макро... - бір заттың үлкендігін ұзындығын байқататын ұғым, көбінесе микроға қарсы қойылатын көлемді көрсететін, мысалға, макрофагтар, макронуклеус.

Микро (гр. mikros – аз ұсақ)

қандай да бір нәрсе мөлшерінің ұсақтығын не оның шамасының аздығын (макро...-ға қарама-қарсы) көрсететін күрделі сөздің құрамдас бөлігі (мысалы, микроклимат, микроорганизм);

Негізгі бірліктің миллионнан бір үлесіне тең мөлшердегі үлестік бірліктерді жасау үшін қолданылатын сөздің бастапқы бөлігі.

4,4(39 оценок)
Ответ:

Әлем мәдениеті - "ғаламдық ауыл" ретіндегі әлемнің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған адамдар арасындағы қарым-қатынас пен биліктің жаңа жүйесі. Жаһандану және жоғары технологиялар ғасырында қоғам ұдайы мәдени, экономикалық немесе саяси өзгеріс үстінде. Адамдарға қауіпсіздікте гүлденіп, дамитын бейбіт элем қажет. Қауіпсіздікке, түрақтылық- қа және тиімді дамуға жетудің негізгі жолы - қазіргі барлық мәдени үстаным- дардың түбегейлі өзгеруі. "Әлемдік мәдениет жүйесін" құру объективті әрі тепе-теңдікті ұстанатын, этикалық нормаларға сүйенетін бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) құру. Бұл әлемдік мәдениеттің жаңа жүйесі әрі жек көрушілік, сенімсіздік, қақтығыс пен соғыс тудыратын қарабайыр мәдениетті "ғаламдық ауылымыздан" ығыстырып шығаруды көздейді.

4,4(79 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ