М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
chernecov1977
chernecov1977
12.02.2021 19:01 •  Қазақ тiлi

Жер су аттарын катыстырып ангиме курау

👇
Ответ:
Shvabra335
Shvabra335
12.02.2021

Саяхатқа шығу.

Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол - ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.

Келешекте тек Қазақстан қалалары ғана емес, сонымен қатар алыс шетелге де сапар шексем деп армандаймын және осы арманым іске асу үшін мен сабақты жақса оқып, шет тілдерін меңгеруім қажет.

4,4(27 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ruslanchik1999
ruslanchik1999
12.02.2021
Бала кездің ең бір тәтті шағы ата-әжеміздің қасында өткен бал күндер ғой. Таңертеңнен асыр салып, доп қуып келген кішкене құлыншақтарын еркелетіп, айналшықтап жүргенде ең ыстық жандар ата-әже екенін сезінеміз. Нағыз тәрбие мектебі де ата- әжеден бастау алады. Өйткені, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық танытудан бастап, отансүйгіштік, кішіпейілділік, бауырмалдық секілді игі қасиеттерге баулып, жақсылыққа үйретуші. Немересінің тәтті қылығына тамсанып отыратын ардақты жандардың орны ерекше.

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/24382/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
4,6(71 оценок)
Ответ:
danil820
danil820
12.02.2021

Я живу в Казахстане. Мой родной язык- казахский язык. Это очень богатый и красивый язык. Кому то легко дается понять его, а кто то не может выучить его годами. Я знаю казахский язык очень хорошо, так как он мне родной. Я очень радуюсь тому, что умею разговаривать на казахском языке. Я хочу что бы многие люди выучили его, ведь он очень своебразен, у него есть свои особенности. Мы и в школе изучаем его. Это мне больше узнать о своем языке.

Мен Қазақстанда тұрамын. Менің ана тілім- қазақ тілі. Ол өте бай әрі әдемі тіл. Біреулерге бұл тілді жаттау оңай, ал біреулер жылдармен оны жаттай алмайды. Мен қазақ тілін жақсы білемін, себебі ол менің ана тілім. Өзім қазақ тілінде сөйлей алатыныма қуанамын. Мен көп адамдардың осы тілді білгенін қалаймын, өйткені бұл тілде өзінің ерекшеліктері бар. Біз мектепте де қазақ тілін өтеміз. Ол маған өз тілім туралы көбірек білуге көмектесті.

4,7(18 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ