Кино(гр. kіneo – жылжытамын, жылжимын), кино өнері — өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Фильмді жа-сауға әр алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодраматург, режиссер,актер, оператор, суретші, композитор,продюсер, каскадер, экономист,менеджер, т.б. қатысады. Фильм жасаудакинорежиссер жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар да (инженерлер,техниктер, лаборанттар мен өзгеқызметкерлер) үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады.
Кино, негізінен, 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино. Көркем фильм кино өнерінің негізгі және кең таралған түрі. Ол әдеби шығарма желісі немесе арнайы жазылған сценарий бойынша актерлердің қатысуымен жасалады. Деректі киноға тарихта, өмірде болған мәні зор оқиғаларды баяндайтын фильмдер мен киножурналдар жатады. Мультипликациялық кино суреттер мен қуыршақтарға қимыл бере отырып жасалады. Ғылыми-көпшілік кино — жұртшылыққа жаратылыс пен әлеуметтік құбылыстарды ұғындыратын, өнер сырларымен таныстыратын фильмдер жиынтығы. Қазіргі заманда жарнамалық кино өндірісі кең тарап отыр. Сондай-ақ кино тарихында жалпы халыққа арналған фильмдермен қатар эксперименттік фильмдер де түсіріледі. Фильм жасау, оны көпшілік қауымға көрсету ісі шебер техниканы, қыруар қаржыны талап етеді. Әсіресе, фильм түсіру, жасау әрі оның көшірмелерін көбейтіп басып шығару аса күрделі процесс. Монтаждау — кинематографиялық шығарманың бар істелген жұмысын тиянақтайтын кезең. Бұл процесс кезінде монтаждалатын кадрлардың ұзындығы (метражы) белгіленеді. Соның нәтижесінде фильмдегі оқиғаның логикалық жүйесі анықталады.Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Алғашқыкинохроника 1925 ж. түсіріле бастады.1934 ж. Алматыда “Советтік Қазақстан” киножурналын үзбей шығарып тұратын Республикалық кинохроника студиясы құрылды. “Ленфильм” студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен “Амангелді” (1938, режиссері Марк Левин) көркем фильмін жасады. Ұлт батыры Амангелді Имановты сахна шебері Елубай Өмірзақовсомдады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында “Мосфильм” мен “Ленфильм” киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеп, дамуына игі әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталық киностудия) деген атпен өзінің қызметін бастады. 1941 ж. Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия (1960 жылдан “Қазақфильм”) ұйымдасты. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы мен жанры жағынан әр алуан. “Абай әні” (1946), “Шоқан Уәлиханов” (1957), “Қыз Жібек” (1972), “Сұлтан Бейбарыс” (1989), “Отырардың күйреуі” (1992), “Махаббат бекеті” (1993), “Жамбылдың жастық шағы” (1996), т.б. картиналар шықты. Балаларға арналған “Қанатты сыйлық” (1956), “Менің атым Қожа” (1963), “Қызыл тас заставасы маңында” (1969), “Көксерек” (1973), “Алпамыс мектепке барады” (1976), “Балалық шақтың кермек дәмі” (1983), “Сүйрік” (1984), “Ауылым Алатаудың баурайында” (1985), т.б. секілді фильмдер жарық көрді. Кейінгі жылдары “Көшпелілер” фильмі (2005), “Ағайынды” (2009), т.б. сериалдар көрермен көзайымына айналды. 2003 жылдан бастап Алматы қаласында “Шәкен жұлдыздары” атты халықаралықкинофестиваль өткізіліп келеді
Таза бəтеңке мен лас бəтеңке арасында қарама қайшылық туады да шалқайып өзінше боп тұрған таза бəтеңке ласқа: -Мə елге жеккөрінішті қорқынышты боп жүрген жаман шығар ə?деп бəтеңкеге қарайды ол болса мə білмейді екем ондайды сұрасаңшы ана адамнан өзін қалай сезінеді екен? таза бəтеңке аңқау бəтеңке екенін біліп барынша келекете етіп ұалмақшы болады да осы сен сыртқа қалай шығасың сенің орныңда болсам ұялғанымнан жерге кіріп кетуші ем диді байғұс лас бəтеңке не істерін білмей қораға барып бірталай күн тығылып жатады.Сөйтіп қой енді сыртқа шығайын десе алдынан лас кір бəтеңке шығып болған жайды түсіндіреді.Арасындағы алауыздық та шешіледі.Затты түріне қарап бағалау ең жаман қателік
жагып койган-наносил
бірсе - либо
ожау - ковш
жеті қарақшы - семь разбойников
дүрбі - бинокль
таңғалу - удивляться
күту - ждать