Егер Жапонияда қонақты көп шақыра бермесе, Қазақстанда керісінше, халқы қонақжай халық. Жапонияда ағаш аяқкиім берілсе, бізде ондай салт жоқ. Ол елде сырт киімді тек сыртқа щыққанда ала алатын болса, бізде "шапан" деп аталатын ұлттық киімімізді сыйға тартамыз. Одан бөлек, қазақтарда "қуыс үйден құр шықпа" деген сөз бар. Қонаққа келген балаларға сыйлық береді. Сарқыт алып кетеді, келмеген үйіндегі адамдар да ауыз тисін деп. Әр елдің өз әдет-ғұрпы болады. Әр үйдің салты басқа, иттері қара қасқа...
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.