Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады.
- Қазақстан жерінде қаншаға жуық өзендер мен бұлақтар бар. ? - Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар. - Қай өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. ? - Ертіс, Орал, Іле, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. - Қай өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады. ? - Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады. - Бұл өзендерде нелер тіршілік етеді? - Бұл өзендерде балықтардың бағалы тұқымдары тіршілік етеді.