Домбыра - халық даналығы. Ол халқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным-сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды. Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналады. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос шекті аспаптың қазақ домбырасыме ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең көп тараған аспапты бірі болғандығын дәлелдейді. Домбыра дәстүрінің дамуы ХІХ ғасырда шарықтау шыңына жетті. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген кәсіби күйші-композиторлар қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінді. Бұл күйші-композиторлар өзіндік стильдік ерекшелігімен, қағыс техникасымен, музыкалық тілімен, орындау шеберлігімен оқшауланып, өнерімізде жарқын із қалдырды. Домбыра - әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкүндік туғызды. Сондықтан, домбыра да қазақтың жеті кереметі қатарында.
-Сəлем!
-сен білесін бе ертең сен кезекшісін ғой?
-А рақмет. Маған не істеу керек екенін айтасын ба?
-Сен ертең өзімен бірге бор,тақта сүретін трəпке.Бірақ тек осылар емес,сен тазалықты сақтауын керек .Біткен сияқты.
-О,рақмет мен барынша осының бəрін істеуге тырысамын.
-Онда сау бол!
-Сау бол!