әрбір спортпен айналысу керек. өйткені спортпен үнемі айналысқан ң дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. спорттың денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның өмірін ұзартатынын білеміз. сол үшін ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген.
мен кунде танертен түрлі жаттығулар жасаймын.
өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. денсаулық-зор байлық.денсаулық мықты болу үшін ға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу.
перевод
каждый человек должен заниматься спортом. потому что человек,который занимается спортом всегда в хорошем настроении и у него крепкое здоровье. спортивных увлечений много. футбол,баскетбол,волейбол, теннис,хоккей,лыжи,плавание и др.все знают,что спорт полезен и продлевает жизнь. поэтому с детсва детей приучают к спорту. на занятиях физ.ры. я каждое утро делаю зарядку. и своих ровесников призываю заниматься спортом. здоровье это богатство. чтобы быть здоровым человек должен 4 правила: трудовая нагрузка, правильное питание, правильно своим временем и правильно отдыхать.
1.Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ. Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де анық байқалатындай етіп суреттейді. Көркем бейненің типтік өзгешелігі қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралық, жекелік сипат-белгілері адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылық қалпында көріп-білу үшін сондайлық қажет. Көркем бейнеге тән типтік және даралық сипат-ерекшеліктер – тұтас ұғым. Кейіпкердің іс-әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік сипат-белгілер өзінің даралық, нақтылық қалпын сақтай отырып, типтік мағынаға да ие бола алады. Кейіпкердің типтік бейнесін суреттеу үшін қоғамдық өмірді жан-жақты, терең зерттеп, білу шарт. Өйткені, көркем бейненің типтік қасиет-сипаты неғұрлым жоғары болған сайын, оның танымдық күші де соғұрлым арта түседі. Кейіпкердің драмалық шығармада атқаратын міндеті басымырақ. Мұнда оқиға бастан-аяқ қатысушы персонаждардың айтқан сөздері (реплика) арқылы өрбиді. Әр кейіпкердің көркем бейнесі оның өз сөзі арқылы ашылады. Көркем шығармада жан-жақты толық суреттелетін, негізгі тұлға басты кейіпкер болады. Мыс., “Абай жолы” эпопеясындағы Абай бейнесі. Сонымен қатар, бір шығармадағы басты кейіпкер бірнеше болуы мүмкін. Мыс., М.Әуезовтің “Айман – Шолпан” пьесасында бірнеше кейіпкер бар, онда жеке біреуді басты кейіпкердеп көрсету мүмкін емес. Кейіпкердің тұлғасын, мінезін, іс-әрекетін суреттеу өзгешелігі әдебиетте, көркемөнерде қолданылатын әдіске сәйкес болады. Айталық, романтизм әдісі қолданылған шығармадағы кейіпкерлерді суреттеу тәсілі реалистік әдебиеттегі кейіпкерді бейнелеу тәсілінен бөлек. Реализм әдісі әдебиет пен көркемөнер шығармасында кейіпкерлердің тұлғасын, мінез-әрекетін мейлінше шынайы суреттеуге мүмкіндік береді. Адам мінезін, тұлға бейнесін өзгерісті даму үстінде алып, өмірлік күрес-тартыспен ұштастырып көрсету – реалистік әдістің ең ұтымды жағы.[1]