М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
новинький2
новинький2
31.03.2022 23:58 •  Қазақ тiлi

Написать текст про асык предложений желательно 5

👇
Ответ:
Anastasiz02
Anastasiz02
31.03.2022
Асық ойыны — қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі-де, құралы да — асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі, қой асығы демеңіз, қолайыңа жақсақа ғой немесе асығы алшысынан түсті., бүге-шігесіне дейін анықтау… т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтайнемесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар. 
4,4(48 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
JoiLok
JoiLok
31.03.2022
Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық – денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем айын жақсы көремін! Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай. Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке, бірлік, тыныштық әкелсін!
4,8(44 оценок)
Ответ:
annyakristina
annyakristina
31.03.2022

Махамбет пен Исатай достығы туралы.

Тарих беттеріне үңілер болсақ, біртуар тұлға, қайсар қолбасшы, халық көтерілісінің саяси көсемі болған Исатай Тайманұлының жан жолдасы болған Махамбет бастан – аяқ оның қасында жүрген, жауымен жауласып, дауымен дауласып өлімге басын қиған Исатайдың қанды көйлек жолдасы болғанын көреміз.

Атамыз қазақ қашанда достықты жоғары бағалаған. Себебі Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Міне, Исатай мен Махамбет достығы нағыз адал достық мысалы бола алады деп есептеймін. Бұл достық бұрын - соңды болмаған достық деп есептеуге болады, себебі екеуі де - ел үшін бастырын өлімге тігіп, жауға бірге аттанған сарбаздар. Әсіресе Махамбеттің жырлаған өлеңдерінде Исатайдың бейнесі ерекше көркем беріледі. Махамбет жан қиысқан қанды көйлек досы Исатай Тайманұлының батырлық, азаматтық тұлғасын, өлеңдік портретін ғажап жасап шыққан. Өлеңдерінің бірінде:

«Құландай ащы дауыстым,

Құлжадай айбар мүйіздім

Кер миығым, кербезім

Керіскедей шандозым!..», – деп Исатай бейнесін ерекше көркем етіп сипаттай білген.

4,4(57 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ