Менің сүйікті спортым ол баскетбол және волейбол, Мен волейболды кішкентай кезімнен бастап үйреніп жүрмін. Волейболдан көптеген жарыстарға қатысып бірінші және екінші орындарын алып жүрміз. Біздің жаттықтырушымыз әрқашан да өздеріңе сенімді ойнаңдар дейді. мінекей сол сенімнің арқасында бірінші және екінші орындар алып жатырмыз. Ал баскетбол ойынына келсек. Біздің командамыз бес адамнан тұрады. Бәріміз де тырысып ойнаймыз, әрине сеніммен. Сондықтан да біз жеңеміз. Бірақ мен қазір баскетболды көп ойнамайтын болғанмын. Себебі, біздің командамыздан екі қыз кетіп қалды. Оларды басқа мектепке ауыстырып жіберді. Міне баскетбол ойынын осылай тоқтатқандаймын. Бірақ волейбол және баскетбол менің сүйікті спортым болып қалады.
Менің атым Біздің атымыз
Сенің атың Сендердің аттарың
Сіздің атыңыз Сіздердің аттарыңыз
Оның аты Олардың аттары
Менің қаламым Біздің қаламымыз
Сенің қаламың Сендердің қаламдарың
Сіздің қаламыңыз Сіздердің қаламдарыңыз
Оның қаламы Олардың қаламы
Менің ұйымым Біздің ұйымымыз
Сенің ұйымың Сендердің ұйымдарың
Сіздің ұйымыңыз Сіздердің ұйымдарыңыз
Оның ұйымы Олардың ұйымдары
Менің мекемем Біздің мекемеміз
Сенің мекемең Сендердің мекемелерің
Сіздің мекемеңіз Сіздің мекемелеріңіз
Оның мекемесі Олардың мекемелері
Менің елім Біздің еліміз
Сенің елің Сендердің елдерің
Сіздің еліңіз Сіздердің елдеріңіз
Оның елі Олардың елдері
Менің Отаным Біздің Отанымыз
Сенің Отаның Сендердің Отандарың
Сіздің Отаныңыз Сіздердің Отандарыңыз
Оның Отаны Олардың Отандары