Ана — отбасы ұғымында — балалы әйел, туған шеше; туыстық байланыста — әже, апа, қарындас, жеңге, балдыз, құдағи, құдаша т.б. Ана бейнесі ежелден жыр, аңыз желісі болып келе жатыр. Хауа Ана есімі қасиетті кітаптарға түскен. Хәууа — көне еврей және араб тілдерінде “өмір бастауы”, “әнам” — парсыша (кітаби) адамдар, адамзат, қарапайым жандар деген ұғымды білдіреді. Ананың көшпелілер қоғамында алатын орнын, бітім-болмысын жан-жақты ашып көрсететін мұрағаттарды қадым замандардан көптеп табуға болады. Зерттеушілер Қазақстан жеріндегі археологиялық қазбалардан табылған заттарға, кісіні жерлеу ерекшеліктеріне сүйеніп, ежелгі дәуір адамдарының ұғым-нанымында ру басшысы және ошақ иесі ретінде Анаға табынғандығын жазады. Бұған Қазақ даласынан табылған сүйектен ойып, тастан қашап жасалған әйел мүсіндері куә. Қазақстанның солтүстік-батысындағы байтақ даланы, Оралдың оңтүстігін мекендеген сарматтарды (б.з.б. VІІ—VІ ғ.ғ.) Әйел-Аналардың басқарғандығы жөнінде деректер бар. Қазақ қоғамындағы ел аналары мен әйелдердің жайы осы өңірде болған саяхатшылардың да қаламдарына іліккен. Мыс, Дешті-Қыпшақ даласында болған Ибн-Баттута, Марко Поло т.б. әйелдердің жергілікті тұрғындар тарапынан қатты құрметтелетінін таңдана жазған. Ерлер билігі үстемдік еткен дәуірде де қазақ қоғамында Аналар мерейі төмендетілмеген. Қазақстан жеріндегі Аналар атымен аталған жер-су, кешендер, күмбездер, қалалар, тайпа-ру атаулары бұған айқын айғақ бола алады. Мысалы, Қозы Көрпеш — Баян сұлу күмбезі (Аягөз өзені бойында), Бикен-мұнара (Сырдария бойында), Белең-Ана, Жұбан-Ана күмбездері (Сарысу өзенінің бойында) сақталған. Жеке ескерткіштерді былай қойғанның өзінде, орта ғасырлық талғам-түсінікпен тұтас бір қаланың әйел атымен аталғаны дүние жүзінде сирек кездесетін құбылыс.
Қазақстан табиғаты өте көркем. Кейбір жерлерді танымал жерлердің аналогы деп те атайды. Мысалы Сарыарқаны Қазақстанның Швецариясы деп атайды. Әр облыс өзінше көркем келеді. Тау шыңдарында мұздықтар бар. Бұл жерлер саяxатшылар үшін таптырмас жер. Бұнда өте сирек, қызыл кітапқа енген қар барысы мекен етеді. Оған қоса аюлар мен тауешкілер мекен етеді. Тауға адам көп бара бермейді. Соған байланысты бұнда түрлі жануарлар мекен етеді, бірақ өте абай болады. Тау беткейлерінде қыран құс бүркіт өмір сүреді. Қазақтар осы құс арқылы аңға шығады. Ормандар мен жазықтарда қасқырлар, қорсақтар, қояндар және түлкілер өмір сүреді. Бұл жердегі тіршілік қызып тұрады. Жергілікті xалық аңға шығады. Аңшылар көбінесе бүркіттермен аңға шығады. Бұны бақылауға туристтер жиналады және кей сатып алады. Қазақстан өте керемет өлке. Бұнда алты мыңнан астам өсімдік өседі. Бұған қоса көптеген жануар түрі бар. Мен бұл жердің табиғатын сүйемін. Мейлі, басқа жерде көркем болса да мен өз елімнің табиғатын жақсы көремін!
ОтвКумырска өйткені енбеккор
Жәндік