Өңдеу
Мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы Мүшелі деп саналады, одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Ол 25-ке толғанда екі Мүшел, 37-ге толғанда үш Мүшел, 49-ға келгенде төрт Мүшел, 61-ге келгенде бес Мүшел деп есептеледі. Халықтың адам өмірін кезеңдерге бөлуіне байланысты қалыптасқан шартты түрдегі бөліністері мен Мүшел санау үрдістері қоғам мүшесінің әлеуметтену жағдайын, яки қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдірді. Бірақ бір Мүшел жастағы ерекшеліктен келесі Мүшел жасқа өтуді әлеуметтік құбылыс деп тануға негіз жоқ. Өйткені ол адамның биологиялық қасиеттеріне де тән құбылыс болғандықтан, әр Мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады. Мысалы, 1-мүшел балиғатқа толуға байланысты болса, 2-мүшел ат жалын тартып мінген жастың есейген шағы, 3-мүшел ақыл-парасаттың толысу шағы деген адамның физиологиялық-психологиялық жетілулерін меңзейді. Мүшелдер арнайы ғұрыптар арқылы аталып өтілген. Олар: жарты Мүшелге келген ұл баланы сүндетке отырғызып, “атқа мінгізу” мен қыз баланың құлағын тесіп, “сырға тағу”, алғашқы Мүшелінде балиғатқа толуына байланысты “он үште отау иесі” болу, тағы басқа. Мүшелден мүшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп-қатер жуық болады деп есептеліп, тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі деп саналды
Мектебімдегі Жеңіс күні.
"Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды"... Иә, Жеңіс күні мынау байтақ қазақ даласына, қонақжай қазақ халқына үлкен нәубетпен, еңбекпен келді. Елім деген ерлер қан майданда қасық қаны қалғанша соғысса, елде қалғандары бей-жай жатпай, тылда еңбек етті. 4 жыл қазақ тарихында мәңгі қалды.
Бүгінде 9 мамыр – Жеңіс күнін тәуелсіз елдің ұландары әр жыл сайын тойлайды. Біздің мектепте аталмыш мереке үлкен дәрежеде тойланады десем де болады. Барлық мектеп оқушылары қолдарында гүл шоқтарымен, ардагерлердің суретін аспанға көтере шеруге шығады. Ардагерлер сый-сияпат көрсетіп, Мәңгілік Алау тұсына гүлдерін қояды. Одан қалды, мектепішілік шаралар да бар. Әр сыныптан қабырға газеті шығарылады. Ардагерлермен кездесу, тәрбие сағаттары болады. Алғашқы әскери дайындық пәнінен небір жарыстар ұйымдастырылады. Міне, осылайша біз мектеп қабырғасында Жеңіс күнін тойлаймыз.