Су тіршілік көзі болғандықтан, судың қорын таза ұстап оны үнемдеу өте маңызды. Суды үнемдемесе, судың қоры азайып, балашақта су болмай қалуы мүмкін.
Менің ойымша өзен-көлдер ластанып кетсе, тірі ағзалар өмір сүруін тоқтатады. Мысалы, бір өзен суы ластанды делік:
1. Өзендегі балықтың өлімі;
2. Өзеннен түрлі жануарлар су ішеді, сол себептен жануарлар өлімі;
3. Бір өзен суы көптеген өзен-көлдерге құйылады, сондықтан басқа да су қорларын ластайды;
4. Жан-жағындағы ағаштар мен түрлі өсімдіктердің солып қалуы қатері бар.
Сондықтан, әрбір өзен-көлдерді сақтау біздің міндетіміз. Қоқысты тастамау, зауыттардың қалдықтары суға түспеуін қадағалау, мұнай және түрлі улы сұйықтықты суға ағызуын тоқтату қажет. Табиғат біздің анамыз. Әрбір адам осы айтылған ережелермен жүретін болса, суымыз да табиғатымыз да, тірі ағзалар да тіршілігін жалғастырып, жайнап тұрады.
Би-шешендердің сөздері - халықтық тәлім-тәрбие құралы.
Қазақ халқы – сөз қадірін өз қадірім деп білген,кеңдігін де, елдігін де,кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғыза білген халық."Өнер алды - қызыл тіл" демекші,сөздердің ең асылы - шешендік сөз болған.Шешендік сөзбен шешімін таппас дауды шешіп қана қоймай,соғыста қарсыласты жеңген.Қазақ шешендік өнерінің майталман өкілдеріне:Майқы би,Жиренше,Асанқайғы,Саққұлақ шешен,Ақтайлақ шешен,Төле, Қазыбек, Әйтеке билер және т.б. жатады.Осындай би-шешендерімізден қалған сөздерді халқымыз ауыздан-ауызға жеткізіп,тәрбие құралына айналдырған.Оған дәлел,Қазыбек бидің:
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең атаң қымбат,
Асқар таудай әкең қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Туып-өскен елің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат,-деген сөзінде үлкен тәрбие жатыр.Отанды,отбасыңды,елің мен ар-ұятыңды қастерлей біл дегісі келген.Халқымыздың әр би-шешеннің сөзінде баға жетпес даналық ойлар бар.
1 мамыр жайлы шағын шығарма
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні менің сүйікті мерекелерімнің бірі, себебі Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлттар достастығы жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстан кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес. Бұл ретте ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым – Қазақстан халықтар ассамблеясы да үлкен рөл атқарады. Еліміздің республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.
Әрбір азамат туған елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, ұлтжанды азамат болу керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.