Қ.И.Сәтбаев геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Ол ғылыми еңбегін Қазақстан кен орындарының геологиясын, минералдық қорларын жасауға арнады, 640 тан астам ғылыми еңбектерінің авторы. Қаныш Имантайұлы- рудалы кендердің пайда болуы және олардың жер қойнауында орналасуы, таралу заңдылықтарын зерттейтін Қазақстанның металлогения ғылымының негізін салушы.Сәтбаев еңбектері ғылымдағы зор жаңалықтар енгізді, Қазақстан геологиясы өз заманындағы биік сатыға көтерді. Халқымыздың адал перзенті Қаныш Имантайұлы 1942 жылы Жезқазған жеріндегі кенді зерттеудегі зор еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.1943 жылы Қ.И. Сәтбаев геология ғылымындағы үздік жетістіктері үшін КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ал 1946 жылдан толық мүшесі (академик) болып сайланды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақтың ойшыл ақыны.
Тəуелсіздік ісіне, халықтың прогресс пен мəдениет жолымен дамуына зор үлес қосқан, парасатты, демократ, реалист ақын – Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 29 қазан айында Көкшетау облысы, Қызылту ауданында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
Ақын алты жасында молдадан сауат ашқан. Кейін Нұрғали Бекбауовтан дәріс алып, қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет-журналдарды оқуға дағдыланады. Ақын қысқа да қиын тағдыр кешкенімен, лирикалық өлең, публицистикалық очерктер мен мақалалар, 5-6 поэма, екі роман жазып үлгерген. 1912 жылдан бастап «Айқап» журналында өлеңдері жариялана бастайды.
Ақынның көп өлеңдері халықтың тұрмыстық жағдайына, кедейлікке, əсіресе сол кедейшілікте күн кешкен бейшара жандарға арналған. Оқысам, білсем, «еңбектің жемісін көрем деп емес, кейінгіге бір қолғабыс берем деп» жасаған жалынды жастың жанын қинап, азаптаған да осы кедейлігі еді.
Торайғыров шығармалары - 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Ол өзінің қысқа өмірінде қазақ әдебиетінде жарқын із қалдырды. Қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен, «қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған», артынан өшпес атын қалдырған көрнекті ақын болды.