Күйші туралы.
Күйші дегеніміз - ұлттық аспапта (домбыра, қобыз, сыбызғыда) күй орындаушы. Күйші дегенде алдымен есімізге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді атақты күйшілеріміз оралатыны сөзсіз.
Жалпы күй өнері қазақ халқына ғана тән өзіндік орындау мәнері бар өнер түрі. Күйшілер халықтың мұң - мұқтажын, арман - тілегін, өмірін , салт - дәстүрін ұлттық аспаптар арқылы көрсетіп отырған. Күйлердің тақырыптары да әр алуан болып келеді.
Бұрынғы кездері күйшілер күйлерді өздері шығарып, өздері халық арасында таратып отырған. Күйлер қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.
Күйдің әуендік құрылысы мен ырғақтық - орындаушылық әдістері сан алуан болады. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.
-Сəлеметсің бе, Раушан
-Раушан, сен қанша тіл білесің?
-Мен 4 тілде сөйлей аламын. Сен ше?
-Мен 2 тіл ғана білемін.
-Сен қандай тілдерді білесің? Мен тек қазақша және орысша тілдерді білемін.
-Ал мен орысша, қазақша, ағылшынша және
испан тілін білемін.
-Сен бұл тілдерді қалай жаттадын?
-Біздің мектепте 3 пəн бар. Одан бөлек менің анам мені испан тілінен курсқа берді, жаттап жүргеніме 4 жыл болды
-Менде сен сияқты көп тіл білгім келеді.
-Мен саған көиектесемін.
-Рахмет.Сау бол!
-Көріскенше!