Ақтөбе Қазақстанның батысында, Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Қала ауданы — 297,39 км². 1997 жылы қала әкімшілігінің құзырына бұрынғы Ақтөбе ауданының аумағы өтті. Құрамына Ақтөбе қаласы мен көршілес бесауылдық округ енген жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымның ауданы 2 338 км² тең болды. Қаланың ішімен Елек өзенімен оның тармақтары ағып өтеді, жақын маңда Ақтөбе және Сазды су қоймалары орналасқан. Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан қашық орналасқандықтан қала климаты континенталды болып келеді.
Ақтөбе Қазақстан қалаларының арасында халық саны бойынша бесінші орында орналасқан, Батыс Қазақстан өңірінің ең ірі қаласы. Халық саны — 387 807 адам (1 қаңтар 2015). Ақтөбеде көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Саны жағынан ең көп таралған ұлттарға қазақтар (76,3 %) мен орыстар (16,89 %) жатады. Негізгі діни топтар — мұсылмандар менхристиандар. Қала әкімшілігіне бағынышты бес ауылдық округте 51 508 адам өмір сүреді. Болашақта 1,3 млн адамды «сыйдыруға» тиіс қалыптасып жатқан Ақтөбе агломерациясының құрамына Ақтөбе маңындағы ондаған елді мекен кіреді.
Қаланың негізі Ресей империясының қарулы жасағымен Ақтөбе бекінісі (орыс. Ак-Тюбе) ретінде Елек өзенінің сол жағалауында, оң жағынан Қарғалы өзені құятын тұсында қаланды. 1891 жылдың 25 наурызында Ақтөбе Торғай облысының құрамындағы уездік қала мәртебесін иеленіп, орысша атауы Актюбинск болып өзгертілді. Азаматтық соғыс кезінде Ақтөбе Торғай өңірінің революциялық күштерінің орталығына айналды. Қала кезекпен ақтар мен большевиктердің қолына өтті. 1919 жылы қалада біржолата кеңес өкіметі орнады. 1921 жылдан бастап Ақтөбе губерниясының әкімшілік орталығы. 1928 жылы Ақтөбе губерниясы таратылғаннан кейін Ақтөбе округінің орталығы, 1932 жылдан бастап жаңадан құрылған Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы. Бүкіл өңір тұрғындары секілді ақтөбеліктер 1920-шы және 1930-шы жылдары орын алған ашаршылықтан жапа шекті. Ұлы Отан соғысы жылдары қалада бірнеше әскери жасақтар құрылып, жау басып алған аймақтардың кәсіпорындары осында көшірілді. 1991 жылыКСРО ыдырағаннан бастап Ақтөбе тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрамындағы Ақтөбе облысының орталығы. Қазіргі таңда химия, тамақ және жеңіл өнеркәсібі дамыған Ақтөбе қаласы Қазақстанның ірі индустрия және мәдениет орталықтарының бірі.
Жеңіс күнімен құттықтау.
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 75 жыл толып отыр. Барлығымыз үшін Жеңіс күнінің қадірі аса ерекше. Біз бейбіт аспан астында өмір сүріп отырғанымыз - қан майданнан оралмай, Отаны үшін жанын пида еткен боздақтар мен осы күнге жеткен ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлерінің арқасы. Бұл мейрам – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі.
Осы қасиетті күні туған жеріне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлері алдында бас иеміз. Бұл кісілерді сыйлау, құрметтеу, оларға ерекше қамқорлық көрсету баршамыздың міндетіміз деп білемін.
Осындай ерлік пен қайсарлыққа толы ұлы мереке еліміздің тарихында мәңгілік ұмытылмас із қалдырды. Барлық ардагерлерімізді осы қасиетті Жеңіс күнімен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына амандық, бақыт пен шаттық тілеймін.
Сіздердің ерен ерліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін , құрметті ардагерлер, Сіздердің алдарыңызда бас иеміз. Жүздеріңізді мұң шалмасын, көңілдеріңізге кірбің түспесін, қатарларыңыз азаймасын, ардақты ардагер аталар мен әжелер!