Мұздың қаттылығын көзбен-ақ көріп байқауға болады: егер мұздың түсі көгілдір болса – берік, ақ болса – беріктігі 2 есе аз дегенді білдіреді. Ал егер мұздың түсі ақшыл сұр, күңгірттеу болса, бұл мұздың үстімен жүру тұрмақ, маңайына жоламағаныңыз абзалырақ.
* Мұз үстіне қас қарайған шақта және ауа-райы қолайсыз кезде (тұман, қар, жаңбыр) мүлдем шықпаңыз.
* Өзеннің арғы бетіне шықпақ ойыңыз болса, өткелмен өтіңіз. Бұл әлдеқайда қауіпсіз.
* Мұзды аяқпен теуіп, тексеруге болмайтынын ұмытпаңыз. Егер, бірінші тепкіден аз мөлшердегі су көрінсе немесе мұз бетінде аз-кем жарықшалар пайда болса, мұз жұқа және оның үстімен жүруге болмайды дегенді білдіреді. Бұл жағдайда міндетті түрде судың жағасына келген ізіңізбен кері қайтыңыз. Аяғыңызды иық тұсымен мұздан алмай, жеңіл адымдап жүріңіз, себебі, күш бір нүктеге түспеуі керек.
Объяснение:
Әлемде болып индустриялық төңкеріс есебінен жер бетінің табиғаты өте үлкен зардап шегуде. Климаттың өзгеруіне байланысты жаһандық жылынуды болып жатқанына барлық ғалымдар бір ауыздан келіседі.
Жер бетіндегі қолданылған нәрселерді табиғат қайтадан орнына келтіре алады. Бірақ соңғы жиырма жылдың ішінде адам санының үлкеюіне байланысты және адамдардың қолданыс күштерінің артуына байланысты табиғат қайта қалпына келтіру күшінен бірнеше есе көп өнім қолданылып жатыр. Сондықтан өзендердің суы қайта орнына келіп үлгермей тартылыр кетіп жатыр ал ормандар жаңарып үлгермей кесіліп кетіп жатыр.
Бұл болып жатқан өзгерістер жердің климатына қатты теріс әсер етуде. Мысалы соңғы жылдары бірнеше ешқашан қар жаумайтын жерлерде қар жауды. Ал кейбір мекендерде шектен тыс ыстық болып адамдар қатты қиналып қалды. Мұның бәрі табиғи климат балансының бұзылғанын көрсетеді.