Мен 1 мектеп гимназиясында оқимын.Менің мектебім өте әдемі,жарық. Біздің мектебімізде асхана,кітапхана,спортзал,математика,қазақ тілі,орыс тілі,химия,физика кабинеттері бар. Барлық кабинеттер кең және таза.Кітапханада әр түрлі қызықты және пайдалы кітаптар көп.Ал мектептің алдында әдемі алуан түрлі гүлдер және қайын,шырша сияқты ағаштар өсіп тұр.
АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл қазақстандықтарды Қазақстан халқынің бірлігі күнімен құттықтайды. Құрметті отандастар ! Әр жыл сайын мамыражай мамырдың бірінші күні біз айрықша ықыласпен – Қазақстан халқының бірлігі мерекесін атап өтеміз. Биылғы жылғы 1 мамыр өзіндік ерекшелікке ие. Біз қоғамдық келісім мен ұлттық бірлігімізді бекемдей түскен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясын өткіздік. 1 мамыр – бұл әрқашан халқымыздың бірлігін паш ететін, қоғамдық келісім кемеліне жетіп, елдің бірлігі жарасып, ынтымағы ұйысатын күн. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – Отанымызға деген сүйіспеншіліктің, қазақстандық патриотизмнің жарқын көрінісі. Бұл күні Отанға адалдық, елге жанашырлық, азаматтық парыз асқақтай түседі. Бүгінде достық, сенім, ынтымақ, бірлік ұғымдары этносына, діни сеніміне қарамастан барлық азаматтар үшін айнымас берік ұстанымдарға айналды. Қоғамдық келісім мен мәдени және тілдік әр алуандық біздің өсіп-өркендеуіміздің негізіне, басты байлығымызға, ортақ игілігімізге айналды. Ассамблеяның ХХ сессиясындағы сөзінде ел Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев – «Қазақстандық жол жаңа тәуелсіз елдер үшін ұлттық жетістіктің жемісті үлгісіне айналды. Бұл қазақстандықтардың еңбегі мен тұтастығының нәтижесі» деп көрсетті. Сондықтан да біздің бірлігіміз бен келісіміміз Қазақстан халқының баға жетпес қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа берілетін болады. Тек қана татулық пен тұтастық арқылы ғана біз Қазақстанды кез келген ғаламат жоспарларды іске асыратын қуатты мемлекет ете аламыз. Тек қана бірлігі жарасқан халық қана ұлы белестерді бағындыра алады! Қадірлі достар! Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Сіздерге зор денсаулық, ырыс, ынтымақ, отбасыларыңызға бақыт, береке, қуаныш пен шаттық тілейміз! Қазақстан халқының бірлігі жарасып, Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын. Елдігіміз еңселі, мемлекеттігіміз мәңгі болсын! Қазақстан халқы Ассамблеясы ** Астана, 2013 жыл
Қазақ халық музыкасы – қазақ ұлтының дәстүрлі музыкасы, қазақ фольклорының маңызды саласы.
Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Оның эпикалық жанрлары: жыр,толғау,терме,желдірме,лирикалық әндері,айтыс өнері,
Қазақ музыканың үлкен бір арнасы – қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері. Бұл үшеуінің де арнайы музыкалық қоры мол сақталған, сол себепті халық аспаптары ретінде танылады. Ал жетіген, адырна, үскірік, шаңқобыз, асатаяқ секілді музыкалық аспаптар фольклорлық сатыда ғана көрінеді. Олардың ұлттық сипатынан гөрі типологогиялық табиғаты үстем. Мысалы, бір ғана шаңқобыз аспабын кеңес дәуіріндегі халықтардың барлығынан дерлік кездестіруге болады. Музыкалық аспаптар бүгінде олардың дыбыс шығару ерекшеліктеріне сай хордофон, идиофон және аэрофон болып жіктеліп жүр.
Қазақ музыкалық аспаптары — халық арасында кең тараған музыкалық аспаптар. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Қазақ музыкалық аспаптарының өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі бар. Мұның аттарын халқымыздың жыр-аңыздары мен дастандарынан,15-19 ғасырдағы орыс және шет ел саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектерінен кездестіруге болады. Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден,малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыкалық аспаптар төрт топқа бөлінеді:
шертпелі,үрлемелі,ұрмалы,сілкімелі.
Шертпелі екі түрге бөлінеді: қолмен және ысқышпен. Қолмен: домбыра және шертер, ысқышпен: қобыз.
Мен 1 мектеп гимназиясында оқимын.Менің мектебім өте әдемі,жарық. Біздің мектебімізде асхана,кітапхана,спортзал,математика,қазақ тілі,орыс тілі,химия,физика кабинеттері бар. Барлық кабинеттер кең және таза.Кітапханада әр түрлі қызықты және пайдалы кітаптар көп.Ал мектептің алдында әдемі алуан түрлі гүлдер және қайын,шырша сияқты ағаштар өсіп тұр.