Балмұздақ туралы.
Балмұздақ жегенді бәрі ұнатады десем, қателеспейтін шығармын. Балмұздақ жылдың кез – келген маусымында, әсіресе жазда, жалықпай жеуге болатын тәтті. Әдетте балмұздақ сүттен жасалып, оған қант, сары май, қаймақ, түрлі жеміс – жидектер мен дәндер қосылады. Балмұздақ тоңазытылып жасалады.
Балмұздақтың шығу тарихына тоқтала кетсек, ең алғаш рет балмұздақты Еуропаға Марко Поло әкелген көрінеді. Өзінің кезекті саяхаттарының бірінде ол Қытайда балмұздақтың қалай жасалатынын көреді де, содан кейін оны Италияға алып келіп, ең алғаш рет әзірлеген екен.
Мен өзім балмұздақтың кілегейлі дәмін сүйсініп жеймін. Анам дүкеннен үнемі үлкен қорабын сатып алып, мұздатқышқа салып қояды. Ал сіз балмұздақтың қандай дәмін ұнатасыз?
ответь;
" Мен әнші болғым келеді"
Әрбір әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман - адаммен бірге өседі. Арман аспанға жетелейді демекші, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар.Менің арманым - әнші болу.Әншілікті жаным сүйеді.Бірақ бұл жай ғана ойым,болашақта басқа мамандық таңдап қалуым да ғажап емес.Жалпы өзім патриоттық,лирикалық,классикалық әндерді сүйіп тыңдаймын.«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші армансыз адам да болмайды.Қазіргі арманым ата-анама үлгілі қыз болып,сабақты жақсы бітіру.Ата-ана баланың көз қуанышы,бірақ қыз бала үшін ананың орны өте зор,сондықтанда анамды қуантқым келеді.
Кім біледі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым - ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?! Мен бұл арманымды міндетті түрде орындаймын.Арманымыз биікте болсын!Әрқашанда арманымызға ұмтылып,талпынып, шарықтау шегіне жетейік достар
1. Маған да, саған да,
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Онға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан.
Бәрі-де өз жұртың
Айтады, қане кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)
2. Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
Ол кім? (ата)
3. Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім? (әке)
4. Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? (ана)
5. Дегенімді жасайтын
Қалған тамағымды асайтын
Ертіп алып жетектеп
«Немерем» – деп атайтын? (әже)