Менің көктемгі мектептегі демалысымды пайдаланып, сенбі – жексенбі күндерінде Астанаға жол тартып келдік. Ондағы себеп – біраз қыдырып, сол жақтағы туған – туыстарды аралап қайту еді. Сонымен қатар, осы жолы Астанаға Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры гастрольмен келген екен. Аталмыш театр репертуарынан Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты мюзиклына отбасымызбен баруды үйғардық. Себебі бұл - театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Оның өресі кең, құпиясы ашылмаған. Вальс королі әйгілі Шәмші рухына бағышталған бұл туынды сазгердің тағдырын бейнелейді. Әйгілі Шәмші Қалдаяқовтың жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндері әрбір қазақтың аузында. Ән махаббаты Шәмші тағдырын тоқайластырған Исраил Сапарбайдың Сыған серенадасы атты поэтикалық драмасы сахнада осы тұрғыда сыр шертті. Әуенге толы драма әсерге де толы болды. Қойылымда Шәмші мен сыған қызы Изольда арасындағы махаббаттан дүниеге «Сыған серенадасы» әні келді. Спектакль әйгілі композитордың әндерінің сүйемелдеуімен өтті.
Бұл менің алғаш театрға баруым болды. Қойылым барлығымыздың көңілімізден шығып, ұмытылмас әсер қалдырды. Әзірге бұл менің сүйікті қойылымым деп сеніммен айта аламын. Бұл нәзік сезім мен кіршіксіз махаббаттың жемісі болды.
Подробнее - на -
—Сәлем [мына жерге біреудің атын қойсаң болады қоймай-ақ қойсаң болады] маған мына сұрақтармен көмектесіп жібересің бе?
—Иа, әрине.
—Сен Қызылордадағы М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры қашан ашылғанын білесің бе?
—Иа, әрине 1926 жылы 13қаңтарда Еңлік- Кебек пьесасымен алғаш рет ашылды.
—Ал алғаш құрылған жылы ол театрда қандай көркемөнерпаздар танымал шеберлері болды?
—И.Байзақов, Қ. Қуанышбаев, Ә. Қашаубаев және т.б ойнады
—Театр 20 жылдығына орай қандай ордендермен марапатталды?
—Еңбек Қызыл ту, ал 50 жылдығына байланысты 1976 жылы Халықтар достығы ордендерімен марапатталды.
Объяснение: