Менің ойымша, бақыт деген былай:
Адам армандап, мақсат қойып, жоспар әзірлеп, сол жоспар жолында дисциплиналы түрде өзін қадағалап нәтиже шығара білуі! Сол жолда ол түрлі кедергіге, қызықтар мен қиыншылыққа тап болады, соны бастапқы арманы үшін бұзып өтеді. Халқымызда сөз бар: "армансыз адам, қанатсыз құспен тең!". Адамдар нақты арман, мақсаты, қажетті білімі мен біліктілігі болмауы себепті рухани кризиске, жаманшылыққа, депрессияға ұшырайды. Мақсат болмаған соң әрекет те аз болады, әрекет тек өлместің күнін кешумен ғана шектеліп, алтын уақыты босқа кетіп, мына өмірдің қызығының дәмінен аз ғана татып көру ықтималдығы жоғары болатын сияқты. Әрбір мақсат жолындағы түрлі қиыншылықты жеңіп, нәтижені бағындыру, кейін оны еске алуы бір рақат сияқты. Ол арман жалғыз болғанмен, арман шеңберіндегі мақсат көп болуы мүмкін, мысалы: отбасын құру, оны асырау, бала-шағасына бір белесті бағындырып беру (тәрбие беру, денсаулығын қадағалау, қыдыртып-ойнату, оқу оқыту, секцияға жазып нәтиже шығарту, қадағалау), сол жолында комфорт жасау: сезондық киімдер, үй, көлік, бизнес жасау. Халқына пайда әкелер іспен, бизнеспен, ғылыммен де айналысу. Бұл жағдайда адам өзі де, өзгені де бақытты етеді және бұны әркім жасай алады, бұл жерде ешкім ешкімге міндетті емес, тек жақсылық жолындағы әрекеттер және оның қайтарымы міндетті түрде болады.
Әл-Фараби кітапханасы — Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие мекеме. Бүгінгі таңда кітапхана қоры 2 миллионнан аса кітапқа жеткен. Ғылым ордасының алғашқы іргетасын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қалаған екен. Оның ашылу салтанаты 2013 жылдың наурыз айында өткен болатын. Кітапханамызда концерттер, көрмелер, бітірушілерді дипломмен табыстау, құттықтау би кештері т.б. ғылыми және қоғамдық маңызы бар жиналыстар өткізіліп тұрады.
Кітапханада студенттерге барлық жағдай жасалған. Мұнда абонемент және жылы оқу залдарымен қатар, конференция залдары, элекетронды бөлім жұмыс істейді. Жабдықтардың барлығы заманауи талаптарға сай келеді. Мұнда келген студент компьютер арқылы іздеген кітабының бар жоқтығын бірнеше минутта ғана тексеріп алуына болады. Іздеген кітап қолжетімді болып шығады. Өйкені, бұл — ҚазҰУ кітапханасы.
қазіргі қазақстанның кең байтақ территориясы сонау ертедегі өткен шақта елдің мәдени-қ жағдайына өзінің әсерін тигізген қоғамдық ірі қозғалыстардың арнасы болды.қазақстанның териториясында қазақ халқының және осы территорияда оның алдында жасаған тайпалардың, әр түрлі тарихи кезеңдеріне жататын монументал архитектураның бірталай ескерткіштері сақталған. сонымен қатар бұл тарихта көп ғасырлар ішінде қалыптсақан құрылыс істерінің тәжірибесі нәтижесінде сәулет өнерінің өзгеше үлгілерін жасап, онда құрылыс тәсілдерін, архитектуралық көркемдік тәсілдерін және дербес келесі үш мақаланы құрайды.
бірінші мақала қазақстанның ерте дәуірдегі құрлыс мәдениетіне арналған.
екінші мақала үіі-хіі ғасырлардағы қазақстанның архитектурасы туралы ұғым береді. үшінші хіх ғасырдағы және хх ғасырдың бас кезіндегі қазақстаның архитектурасы болп табылан мақала.
бұл мақалаларда , бұрын жарияланған еңбектермен қатар, қазақ халқының архитектуралық мұрасы туралы түсінігімізді едәуір кеңейте түсетін мүлде жаңа деректер кездеседі.бұған ең алдымен мазмұны ертедегі дәуірдің құрылыс мәдениеті және хіх ғасырдағы және хх ғасырдың бас кезіндегі құрылыс ісінің бас кезін сипаттайды. бәрі дұрыс!