Алтын орда әдебиеті жас ұрпақты патриоттық отаншылдыққа тәрбиелейтін құнды мұра.Осы ретте тарихи жырлардың («Еңсегей бойлы ер Есім», «Абылай хан», «Қаракерей Қабанбай батыр», «Қанжығалы Бөгенбай батыр», «Шақшақ Жәнібек батыр», «Райымбек батыр», «Ер Жәнібек», «Олжабай батыр», «Өтеген батыр», «Исатай-Махамбет», «Досан батыр», «Сұраншы батыр», «Бекет батыр», «Кенесары-Наурызбай», «Жанқожа батыр», «Арқалық батыр», «Ер Әжібай», т.б.) негізгі идеялық мазмұны елді басқыншы жаулардан қорғап, ел мен жердің бүтіндігін сақтау болып келеді.
Әдебиетте батырлар (Ер Есім, Төле би, Қабанбай, Бөгенбай, Абылай, Шақшақ Жәнібек, Райымбек, Олжабай, Ер Жәнібек, Барақ, Ер Әжібай, т.б.) қорқуды білмейтін, жаужүрек жандар. Сонымен қоса батырлардың жекпежектері мен мінген аттарына ғана мән беріліп қоймай, олардың сыртқы тұлға-бітімдеріне де назар аударып, жалпы жұртқа үлгі ете жырлаған. Сөйтіп, елдік пен ерлік туралы халық идеясын жарқырата ашқан. Батырларға портреттік сипаттама берумен бірге олардың адамгершілік қасиеттері де қаға беріс қалмаған. Осы ретте хандар да жырдың негізгі қаһармандары қатарында көрінеді. Ханның әділ болуы – елдің бағы. Елін құрап, ерін біріктіріп берекеге шақырса, бұл – ханның ақылдылығы. Ел тағдырын ойлап, әр істі ақылдасып шешу де ханға қажет әрекет. Біз сөз еткен жырлардағы хандар – ел мүддесін алғы кезекке қойған жақсы істерімен жарқырап көрінетін тұлғалар. Сондықтан олардың іс-әрекеттері мадақ етіледі, барынша шынайылықпен өрнектеледі.
ерлердің ұлттық киімдері жейде шалбар жеңсіз қамзол бешпент ішік тон.ерлердің бас киімнің түрлері өте көп қалпақ тымақ түлкі тымақ хан қалпақ.әйелдердің ұлттық киімдері ерекше болады.бойжеткепдер мен келіншектердің киімдері әсем өрнектермен оюланып тігіледі.оларға қызыл түсті маталар пайдалынады.ақ сары қызыл жасыл көйлектердің сыртынан алтын жіппен,асыл тастармен,зермен әшейкеленген қамзол киіледі.үйлену тойына киілетін сәукеле қымбат тастармен,күміс,маржанмен әшекеленеді.бұны жасаушылар бір жыл еңбектенген көп қаржы жұмсаған.
айша бибі (хі хіі ғғ.) қараханидтер әулетінің негізін қалаушы қараханның қалыңдығы, қазіргі тараз қаласының жанындағы, сонау скифтер заманынан бастап-ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі архитектуралық әсем ескерткіштің иесі.
айша бибінің кім екені жөнінде атадан ға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. ал, аңыз оны төрт түліктің бірі сиыр малының атасы деп есептейтін зеңгі бабаның қызы еді дейді.
сол аңыздың айтуынша, айша бибі түркістанда жас батыр қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. жаугершілік заман болса керек, тұс-тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін-жерін қорғаумен жүргенде қараханның уәделі мерзімде айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. арада біраз уақыт өтіп кетеді. ақыры таусылған айша бибі қараханның мекені тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі баба әже қатынды ертіп, жолға шығады. бірнеше күн жол жүріп, таразға жетеді.
қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. күтушісі ас жабдығына кіріседі.
салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан айша бибі күтушісі ас әзірлегенше дем алмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. су сабатының салқын ауасына қосылған таудың самал желі ұзақ жолдан шаршаған жас арудың ғын тәнін аялай сипап, рахат құшағына бөлейді. сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады.
денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан айша бибі дереу қараханға хабар бергізеді. қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан айшаның құлағына: « айша, сен енді бибі болдың! » деп үш рет айқайлапты.
ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді.
қайғырып, қан жұтқан қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір-бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр тараз қаласының іргесінде.