М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
MintSuga
MintSuga
12.09.2021 03:51 •  Қазақ тiлi

Мақал мəтелді қатыстырып туған жер туралы ойтолғау жазыңдар.

👇
Ответ:
Kotenok052000
Kotenok052000
12.09.2021

Туған жер.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.

«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» демекші, мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.

«Отан оттан да ыстық» екені баршамызға мәлім. Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.

Менің туып - өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және пайдалы қазбаларға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.

Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Сондықтан ойымды «Туған жердей жер болмас, туған елдей  ел болмас» деген мақалмен тәмамдағым келеді.

4,7(24 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
поняття
поняття
12.09.2021

ответ:Ұлы Отан соғысы-1941-1945 жылдары өтті. Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына қарсы жүргізген соғысы. Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі еді.

Жалпы,соғысқа ерлер ғана емес,біздің батыл қазақ қыздарымыз қатысқан.Әрине,оларды барлығы білетіндей,Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова.Олардың есімдері Қазақстанның барлық адамына мәлім болу қажет.Себебі,біріншіден,олар сұрапыл қиын соғысқа қатысқан батыл қыздар.Екіншіден,біреуі мерген,ал екіншісі пулеметші.Үшіншіден,олар қаншама фашисттерді қырып,жойған.Мақтан тұтарлық!Негізі екеуі де ерте кезде отбасыларынан айырылған.Сондықтан ата-ана жылулығын сезінгендерін ертеден ұмытқан.

Қоты келсек,осы батырларымызға арналған үлкен ескерткіш бар.Еліміздің түрлі жерінде олардың атымен аталған көшелер,ауылдар бар.Біздің жерді бізге,яғни,келешек ұрпаққа деп сақтап қалған.Содан бұл жерді олар сияқты қорғау қажетпіз.))

4,7(70 оценок)
Ответ:
лола268
лола268
12.09.2021

Ұлы Отан соғысы-1941-1945 жылдары өтті. Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына қарсы жүргізген соғысы. Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі еді.

Жалпы,соғысқа ерлер ғана емес,біздің батыл қазақ қыздарымыз қатысқан.Әрине,оларды барлығы білетіндей,Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова.Олардың есімдері Қазақстанның барлық адамына мәлім болу қажет.Себебі,біріншіден,олар сұрапыл қиын соғысқа қатысқан батыл қыздар.Екіншіден,біреуі мерген,ал екіншісі пулеметші.Үшіншіден,олар қаншама фашисттерді қырып,жойған.Мақтан тұтарлық!Негізі екеуі де ерте кезде отбасыларынан айырылған.Сондықтан ата-ана жылулығын сезінгендерін ертеден ұмытқан.

Қоты келсек,осы батырларымызға арналған үлкен ескерткіш бар.Еліміздің түрлі жерінде олардың атымен аталған көшелер,ауылдар бар.Біздің жерді бізге,яғни,келешек ұрпаққа деп сақтап қалған.Содан бұл жерді олар сияқты қорғау қажетпіз.)

4,4(14 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ