Электронды пошта ашу үшін алдымен кез келген доменге кіріп, «тіркелу» батырмасын басу қажет. Әдетте бастапқы беттің сол жақ үстіңгі жағында орналасқан «жаңа жәшікті тіркеу» деген батырманы басамыз. Ашылған жаңа терезеде поштаны тіркеу үшін өзіңіздің жеке деректеріңізді теріп, жазасыз. Алдымен аты – жөніңіз, туылған күніңіз, жынысыңыз, өзіңіз қалаған электронды поштаның адресі, құпиясөз және құпиясөзді ұмытып қалған жағдайда керек болатын қосымша электронды пошта. Қалауыңыз бойынша қосымша жәшіктің орнына өз телефон номеріңізді тіркей аласыз, құпия сөзіңізді ұмытып қалған жағдайда телефоныңызға хабарлама келіп түсетін болады. Барлық жолақтарды толтырып болған соң, жазулардың дұрыстығын тексеріп алып, «тіркелу» батырмасын басасыз.
Нан бар жерде ән бар Дәнді шашпа, нанды баспа. Нан— тамақтың атасы Ынтымақ — көптің батасы. Нан — асалы, Ана — адамның асалы. Нан астығын жинаймын, Елге астық сыйлаймын.