М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
rfbbfr
rfbbfr
24.05.2022 19:42 •  Қазақ тiлi

Суйынбай бейнесыне партреттык сипаттама

👇
Ответ:
abrikosikhii
abrikosikhii
24.05.2022
Тут ничего не разобрать
4,4(39 оценок)
Ответ:
oksiur4enko
oksiur4enko
24.05.2022

Қазақша реферат: Сүйінбай Аронұлы (1815–1898) Сүйінбай Аронұлы (1815–1898) – 19-шы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі, айтыс ақыны. Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Сүйінбай жастайынан жыраулығымен елге танылды. Жамбыл ақын «Менің пірім — Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп оны ұстаз тұтты. Ақынның арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болса, оның үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі, ал кенже баласы Арон жастайынан өткірлігімен, мәмлегер шешендігімен ел ауызына ілікті. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға да дарыды. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшыл, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танымал болды. Бұл жөнінде Жаманшыл Сүйінбайға: «Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің» дейді екен. Тарихи деректерде Қоқан шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. Ол «Өтеген батыр», «Қарасай батыр», «Саурық батыр», «Сұраншы батыр», «Жабай батыр» сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласты. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырды. Әсіресе ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ «Датқаларға», «Үмбетәліге», «Төрт биге», «Момын малын зұлымға алып беріп», тағы басқа өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алды. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері («Мақсұтқа», «Қасымға», «Болыстарға баға») сақталған. Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген. Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленеді. М. Әуезов Сүйінбайды «айтыс өнерінің алтын діңгегі» деп атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, «Сүйінбай осылай деген» деп әрдайым зерделерінде тұтты. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі ХХ ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1920 жылы Түркістан АКСР-і халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылыми комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә. Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алды. 1929 жылы алғаш рет «Жаңа әдебиет» журналында (№6) ақынның «Апырмау, мынау жатқан Сарыбай ма» деген өлеңі басылды. Ақын шығармалары әр кезеңде жарық көрген хрестоматиялық оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде насихатталды. С. Сейфуллин құрастырған «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» атты жинаққа «Шапырашты Сүйінбай ақынның қартайған шағында айтқаны» деген өлеңі енді. 1935 жылы І. Жансүгіров пен Ф. Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы «Сүйінбай ақын» деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық көрді. Қазақстан Ғылым академиясы құрылғаннан кейін ақын мұрасын жинап, жариялаумен айналысқан ғалымдар Ә. Диваев, С. Бегалин, Б. Жақыпбаев, қырғыз фольклористері Ш. Үмбетәлиев пен Э. Мұқанбетовтардың еңбектерін айрықша атауға болады. Сондай-ақ Сүйінбай мұрасының біршамасы Ж. Жабаевтың мемориалдық мұражайының әдеби қорында сақтаулы. Сүйінбай ақынның «Ақиық» атты жинағына таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген. Кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, сонынан түсіндірме сөздік берілген. Мәскеуде «Әлем әдебиетінің кітапханасы» сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-ші томында ақынның «Кәрілік» атты өлеңі жарияланған. Бұл оның шығармашылығының дүниежүзі сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды әдеби ескерткіш екендігін танытады. Алматы облыстық филармониясы, сондай-ақ Алматы қаласында үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде мемориалдық мұражайы жұмыс істейді.


Источник: https://www.zharar.com/kz/referat/6831-aronuly.html

© www.ZHARAR.com

4,8(55 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Vladochka14
Vladochka14
24.05.2022

Менің досымның жақсы қасиеттері өте көп. Ол қой аузына шөп алмайтын, байсалды, сабырлы, салмақты адам. Ол бәрін ақылмен шешеді. Бірнәсені бастамас бұрын ең алдымен жасап жатқан жұмысының қаншалықты пайдалы екенін зерттейді. Оның бойындағы ерік-жігері оған мотивация (не помню как на казахском?) беріп тұрады. Менің досымның адмгершілігі өте жоғары. Ол амантқа қиянат жасамайды, ешкімнің ала жібін аттамайды. Досымның отбасылық жағдай өте жақсы. Себебі оның отбасында барлық адам аман-сау бәрі бірін-бірі сыйлап досыма жақсы тәрбие береді. Досымның адамдарғы деген қарым-қатынасы ерекше. Өйткені ол ешкімді алдамай, әрқашан сол адамға көмек қолын созып тұрады. Оның құндылықтық бағдары маған өте қатты ұнайды. Досымның өмірлік ұстанымы қиындықтарға берілмей оған қарсы тұра білу. Хоббиі кітап оқу. Бос уақытында өте көп кутаптар оқиды және маған да оқуға кеңес береді.

Объяснение:

Как то так думаю правильно описала

4,5(82 оценок)
Ответ:
linochek278
linochek278
24.05.2022
Мамандық.Ең алдымен, сіз белгілі бір салада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін өз мамандығыңыз бойынша білім аласыз. Егер сіз еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықты таңдасаңыз, сіз ешқашан жұмыссыз қалмайсыз.
Жұмыспен қамтудың артықшылығы.Жұмыс берушілердің көпшілігі жоғары білімді мамандарға басымдық береді. Ақыр соңында, дипломның болуы сіздің мамандық бойынша ең болмағанда базалық біліміңіз бен бастапқы дағдыларыңыздың бар екендігін, сіздің интеллектіңіз жоғары және мәдениеттің жеткілікті деңгейі екеніңізді растайды.
Мансаптың болашағы.Бұл әсіресе алаңдатады мемлекеттік ұйымдар... Жоғары лауазымдарға тек жоғары біліміңіз болған жағдайда ғана сенуге болады.
Белгілі бір бағыт бойынша терең білім.Мамандығыңыз бойынша жұмыс жасамасаңыз да, алынған білім басқа салада пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, заң факультетін бітіргеннен кейін сіз заңдар бойынша оңай шарлауға болады. Бірге экономикалық мамандықтар, сіз сатып аласыз қаржылық сауаттылық, бұл өмірдің кез-келген саласында пайдалы.
Өз кәсібіңізді бастау мүмкіндігі.Ия, кәсіпкер болу үшін жоғары білімнің болуы міндетті емес. Дегенмен, арнайы білім сіз үшін жаңа мүмкіндіктер аша алады. Мысалы, сіз тіс дәрігері мамандығын алған болсаңыз, жеке кеңсеңізді аша аласыз. Заңгер бола отырып, сіз жеке кеңес бере аласыз және т.б.
Кәсіби мүмкіндіктерден басқа, жоғары білім күнделікті өмірде пайдалы болатын көптеген пайдалы дағдылар мен қасиеттерді алуға мүмкіндік береді. Университетте сіз мынаны білесіз:

Ақпараттың көп мөлшерін тез тауып, өңдеңіз.Оқу барысында сіз көптеген арнайы пәндерді оқып үйренуіңіз керек, курстық, эссе, бақылау жұмыстарын жазасыз. Мұнда тек оқулықтар жеткіліксіз болады. Сіз өмірдің кез-келген саласында пайдалы, қажет ақпаратты қалай тез табуға болатындығын білесіз.
Өз бетімен оқы.Мұнда олар мектептегідей бәрін «шайнамайды», тек дұрыс бағытты көрсетеді. Өзіңізді тәрбиелеу қабілеті кез-келген мамандыққа қажет.
Әр түрлі адамдармен сөйлесіп, келіссөздер жүргізіңіз.Университетте сіз алғашқы байыпты қарым-қатынас дағдыларын аласыз. Сізді жаңа және таныс емес орта күтеді. Сіз таба білуге тура келеді ортақ тілмұғалімдермен және сыныптастарымен, топта жұмыс жасау.
Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс.Қайсысы, бәрі мамандыққа байланысты, ең болмағанда бұл Word және Excel. Компьютерлік технологиялар дәуірінде бұл дағды әсіресе пайдалы.
Тәуелсіздік және жауапкершілік.Университет - бұл ересек адамның алғашқы қадамы. Мұнда сізді басқа ешкім тұтқадан ұстап алып, мәселелеріңізді шешпейді. Сіз өзіңіз шешім қабылдауға, олар үшін жауап беруге үйренесіз. Әсіресе жақсы мектепЕгер сіз басқа қалаға кірсеңіз, тірі қалудан өте аласыз. Мұнда оқудан басқа, сізді күнделікті проблемалар күтеді.
Уақытыңызды жоспарлаңыз және ұйымдастырыңыз.Университетте сізді жұмысшының кестесіне сәйкес өмір күтеді. Барлығын жасау үшін сіз өзіңіздің уақытыңызды дұрыс жоспарлауды және тапсырмаларды олардың басымдығына сәйкес бөлуді үйренуіңіз керек. Бұл дағды күнделікті өмірде қажет болады.

Спокойно можешь половину не писать, я просто не знаю сколько надо
4,5(46 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ