4-тап Менің балам
Сенің балаң
Сіздің балаңыз
Оның баласы.
Менің батам
Сенің батаң
Сіздің батаңыз
Оның батасы
Менің ақылым
Сенің ақылың
Сіздің ақылыңыз
Оның ақылы.
Менің жасым
Сенің жасың
Сіздің жасыңыз
Оның жасы
1-тап Бақытты отбасы дегенде көпшілігіміздің көз алдымызға қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келеді. Шынында да солай. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр.
А өмірді отбасы арқылы тани бастайды, яғни ең маңызды базалық танымды отбасынан алады. Ата-анасы, бауырлары баланың өмірінде үлкен рөл атқарады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі,» – деп бекер айтылмаса керек. Отбасы – баланың эмоционалды, рухани құндылықтарды бойына сіңіретін ортасы. Ата-анасы балаға тәлім-тәрбие береді, жақсы мен жаманды, адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Басқа сөзбен айтқанда, отбасы – үлкен өмірге дайындайтын мектеп. Ал сапалы «білімді» қайдан, қандай ортадан алуға болады? Әрине, өзара гармонияда, бақытты ортада өмір сүретін, сол бақытты жасай алатын адамдардан алады. Осындай бірлігі жарасқан отбасынан шыққан адам ғана өзінің отбасын бақытты ете алады, өмірде жолы болатын тұлға ретінде қалыптасады.
Тіл — халықтың бар байлығы және бейнесі. Әр халық өз ана тілін біліп қана қоймай, құрметтей білуі де керек. Тілсіз ұлт болуы мүмкін деп ойламаймын. Тіл — ана сүтімен бірге еніп, балалық шағыңнан бастап, өмір бойы сенің қолдаушың әрі көмекшің болады.
Менің ана тілім — құдіретті әрі бай қазақ тілі. Қазақ тілі әлемдегі ең қиын тілдердің бірі болып табылады. Қазақ халқы түркі тілдес халық болып саналады. Қазақ тілінің құдыреті шексіз ғой! Әрине, қазақ тілінде де кей кемшіліктер бар. Олар паразит сөздер мен қате аудармалар. Паразит сөздерден арылсақ керемет болар еді! «мен уже тапсырмаларды орындап қойдым» деп айтып жатамыз. Бірақ қазақ тілінде «уже» деген сөз жоқ. Ол паразит сөз. Біз банан деген жемісті «сарықисық» деп аударып жатамыз. Бұлда дұрыс емес! Бұл қорлау демей немене?! Қазақ тілінің бай екенін паш ететін уақыт келіп жетті. Таза қазақша сөйлейтін уақыт жетті. Қазақ елінің ана тіліне барша ел таңғала қарайтынына мен сенімдімін. Қазақ тілі өте бай тіл! Мен ана тілімді мақтан тұтамын.