Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен а үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – к ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.
50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.
Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.
Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.
Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.
Батырларға серік болған пырақтар.
НАРҚЫЗЫЛ - 15 жасар Абылайға Бөгенбай батыр бата беріп, астындағы Нарқызыл атын сыйлаған.
АЛАҢБОЗ бен ҚҰЛАША АТ - тарихи әңгімелерде әскердің алдына салтанатты түрде шыққанда Абылайдың Алшаңбозы және ұрысқа мінетін Құлаша аты туралы айтылған.
ҚУБАС АТ Қаракерей Қабанбай батырға серік болған, аруақты тұлпар -Қубастың орыны ерекше.
АҚБОЗ АТ - Әбілхайыр ханның мінген аты.
КӨКОЙНАҚ - Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы соғысының қолбасшыларының бірі, аты аңызға айналған, елге ұран болған хас батыр - Райымбек Хангелдіұлының мінген аты.
АҚТАБАН АТ - Исатай батырдың соғыстарға мінген аты.
КЕСІКҚҰЛАҚ - Әйгілі батыр Махамбет мінген ат. Құйқылжыған құла жирен, құла ат - небір тар жол, тайғақ кешулерде, қым-қуыт сәттерде серік болған Махамбеттің өз аты құла аттың ен-таңбасына орай "КЕСІКҚҰЛАҚ" деп аталған.
ҚҰДАЙБЕРГЕН ТОРЫ, АҚМОНШАҚ, МӘСТЕКҚАРА, КӨКЕШКІ, ЕШКІБАС - XIX ғасырдағы ұлт-азаттық соғыстарының қолбасшыларының бірі, Кенесары қозғалысына қатысқан, Хиуа, Қоқан феодалына қарсы күрескен айтулы батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлының мінген тұлпарлары.
КЕРТАЙЛАҚ - Ең шешуші қырғызбен Кекілік тауындағы шайқаста Наурызбай батырдың Қызылауыз атына оқ тиіп, үйсін Баязақ батырдың әкеліп берген Кертайлақ атына мінген екен.