Табиғат аясына саяхат туралы диалог құрастыру.
Мейрамбек: Сәлем, достым! Қалың қалай? Денсаулығың қалай? Жақсы болдың ба?
Еркебұлан: Сәлем, Мейрамбек! Рахмет, қазір жақсы болдым. Өткен аптадан бері қатты қызуым көтеріліп, мазам болмай, төсекте жатып едім.
Мейрамбек: Жақсы болғаныңа қуаныштымын.
Еркебұлан: Рахмет, тек өкініштісі сендермен бірге табиғат аясындағы серуенге бара алмадым... Қалай болды, қызық болған шығар?
Мейрамбек: Ия, өкінішті – ақ. Бірақ ең бастысы оңалып кеттің, әлі талай серуенге шығамыз ғой. Жалпы серуен өте жақсы ұйымдастырылып, өте қызықты өтті. Оқушылар толықтай уақытында жиналып, арнайы автобуспен үш мұғалім, медбике және дене шынықтыру мұғалімі бізді серуенге апарып, алып келді.
Еркебұлан: Медбике апайдың барғаны дұрыс болыпты.
Мейрамбек: Ия, бірақ ол кісінің көмегіне ешкім жүгінбей, аман – есен барып келдік.
Еркебұлан: Қашан қайттыңдар?
Мейрамбек: Таңертең барып, түстен кейін қайттық. Әрқайсымыз үйден тіскебасар мен ішетін сусын, жеміс – жидектер алып барып, соларды жедік. Түрлі ойындар ойнадық, серуендеп, біраз суретке түстік. Уақытымыз өте жақсы әрі денсаулыққа пайдалы өтті. Гүлбану апай осындай серуендер әлі талай ұйымдастырылатынын айтқан болатын.
Еркебұлан: Келесі серуенге бұйыртса, мен де барармын.
Мейрамбек: Әрине!
Тақырып бойынша дәстүрлі әншімен кездесуге сұхбат сұрақтары.
Өнер әлеміне қалай келгеніңіз туралы айта кетсеңіз?
Бала кезіңізде әнші болуды армандадыңыз ба?
Тыңдарманнан көңілінен шығу қиын деп ойлайсыз ба?
Тыңдармандарыңыз көшеде танып, қолтаңбаңызды сұрап немесе суретке түсуге ұсыныс жасаса, келісесіз бе?
Дәстүрлі ән жанрын неліктен таңдадыңыз?
Өзіңіздің сүйіп тыңдайтын әншілеріңіз бар ма?
Халық әндерін жаңа нақышта орындап көрдіңіз бе?
Қандай продюсерлер мен сазгерлермен жұмыс жасайсыз?
Алда қандай жоспарларыңыз бар?
Дәстүрлі әнші болудан шаршап, басқа мамандық таңдағыңыз келген кез болды ма?
Өзіңіз қандай музыканы (әншілерді) сүйіп тыңдайсыз?
Өнер жолыңыз қалай басталды, сол туралы айта кетсеңіз?
Бос уақытыңыз бар ма? Бар болса, оны қалай өткізгенді ұнатасыз?
Жақын арада гастрольдік сапарларыңыз болады ма?
Шоу – бизнесте әншілер арасында бәсекелістік бар ма? Бәсекелестік туралы ойыңыз қандай?
Жас әншілерге қандай ақыл – кеңес берер едіңіз?
Қазіргі кезде көп «жұлдыздардың» әлеуметтік желілерде өз ресми парақшалары бар, бұл туралы ойыңыз қандай? Сіздің әлеуметтік желіде парақшаңыз бар ма? Бар болса, оны өзіңіз жүргізіп, пікірлердің барлығын оқисыз ба?
Тыңдармандарыңызға айтар тілектеріңіз болса, мархабат.