М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
AcidSmile
AcidSmile
01.01.2022 16:17 •  Қазақ тiлi

Об а.с. пушкине на казахском языке .это ☺

👇
Ответ:
клим512
клим512
01.01.2022
Александр Сергеевич Пушкин (6 маусым 1799, Мәскеу, Ресей — 10 ақпан 1837, Санкт-Петербург, Ресей) — Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы.
4,6(84 оценок)
Ответ:
лаллах12
лаллах12
01.01.2022

Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. Сөз өнерін дәуірінің озат тілек-мақсаттарымен ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытып, өркендетуіне мүмкіндік берді. Александр Сергеевич Пушкиннің шығармашылығы бір жарым ғасырға созылған орыстың ұлттық әдебиетінің қалыптасу кезеңін аяқтады.

Александр Сергеевич Пушкин 1799 жылы 6 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. Ол дворян отбасында туылып, балалық шағын Мәскеуде өткізген.

12 жасынан Царское селода (қазіргі Пушкин қаласы) лицейде оқып, ақындық шеберлігін шыңдай түсті. Лицейді аяқтаған соң Петербургке қоныс аударып, әдеби-қоғамдық өмірге белсене араласты.

Pushkin derzhavin.jpg

Жас Пушкин әдебиеттегі өз орнын табуға, өзінің шығармашылық бетін айқындап алуға үлкен мән берді. Оның әдебиетке алғаш келген жылдары жазған өлең-жырларының қай-қайсысын алсақ та, олардан біз азаттықты аңсауды, отаншылдықты, халық мұңын, тілек-мүддесін жақтауды шығармаларының негізгі арқауы еткен күрескер ақынның асқақ бейнесін көреміз. Жаңа ұрпақтың арман-мұраты, үміт-сенімі, ескіден безінуі, ізгілікті, бостандық пен бақытты армандауы - осының бәрі оның поэзиясынан бірдей-ақ жарқын көрініс берді. Ақынның ой-сезімінің қалыптасуына күшті әсер еткен зор тарихи оқиға 1812 жылғы Отан соғысы болатын. Ол Пушкиннің санасында мәңгі өшпес із қалдырды.

Ресейде отаншылдық, азаттық идеялары кең қанат жайды. Халықтың еркіндігін, бостандығын темір құрсаумен шырмаған патшалық құрылысқа наразылық үдей түсті. Патшаға қарсы күреске шығып, батыл қимылдаған революцияшыл декабристер ескі дүниені дүр сілкіндірді. Ол болашаққа, азаттық идеясының жеңетіндігіне кәміл сенді. Декабристер көтерілісінен кейінгі жылдарда Пушкин Ресейдің әр аймағында күн санап қанат жайып, күш алып келе жатқан шаруалардың революциялық қозғалысына үнемі көз тігіп, көңіл аударды, оған үлкен үміт артты. Жаңашыл, алғыр ойлы, күрескер ақын халықтың тарихын, әдебиетін, аңыз-ертегілерді, ескі жыр-дастандарды жақсы білді, қалыптасқан бай әдеби дәстүрлерден де іргесін аулақ салған жоқ. М. В. Ломоносовтың ірі қоғамдық мәселелерді толғай білгені, Карамзиннің адамның жан сезімін әсерлі суреттеуі, В. А. Жуковский өлеңдеріндегі ерекше әуездік, сыршылдық, И. А. Крыловтың қарапайым адамның мінез-әрекетін дәл бейнелеуі, А.С. Грибоедовқа тән қоғамдық өмірді суреттеудегі шынайылық, сыншылдық, К.Ф. Рылеев поэзиясындағы отаншылдық, адамзаттық әуен, революциялық сарын - бұлардың бірі де Пушкинге жат емес екенін ап-айқын аңғарамыз. Бірақ ақынның өз тұлғасы осы аталған ақын, жазушылардың біріне де ұқсамайды. Өйткені ол орыс әдебиетіне дәуір талабына сай тың ақындық ой-сөзім әкелді, орыстық ұлттық көркем ой жүйесін керемет өнерпаздық күш жұмсап, мүлдем басқаша қалыптастырды. Сондықтан Пушкиннің терең толғайтын ойшылдығы да, лирикадағы сезімталдығы да, шебер суретшілігі де, оның шығармаларындағы отаншылдық, азаттық аңсау идеялары да, революциялық жалын-леп те бәрі-бәрі де бұрынғыдан өзгеше, жаңаша сипатта танылады.

Осы жылдары «Свобода», «Чаадаеву», «Деревня» секілді өлеңдерін, «Руслан и Людмила» атты тұңғыш поэмасын жазды. Кишинев, Одессадан кейін патшалық Ресей үкіметі Пушкинді әдеби-мәдени ортадан алыс жатқан Михайловское селосына жер аударды. Бұл тұста қаламгер өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романы мен «Граф Нулин», тағы басқа көптеген өлеңдер мен сын мақалаларын (1824), «Борис Годунов» (1825) тарихи трагедиясын жазды. Орыс халқының тұрмыс-тіршілігіне, халықтық сөз қорына дендей енген А. С. Пушкин шығармалары енді көркемдік-реалистік арнаға бет бұрды. Халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, адамдардың әр алуан мінез-құлқын терең бейнелеген «Евгений Онегин» романы «орыс өмірінің энциклопедиясы» (В. Белинский) атанды. А.С. Пушкин шығармаларының бір қыры — тарихи таным, «Борис Годунов», «Полтава», «Медный всадник» және тағы басқа да туындысы арқылы ол әрі ақын, әрі тарихшы ретінде танылды.

А. С. Пушкин Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде (1833) қазақтың лиро-эпостық жыры «Қозы-Көрпеш — Баян сұлуды» жаздырып алып, осы тақырыпта шығарма жазуды жоспарлады. Құран сүрелерін өлеңмен жырлады.

4,7(88 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Xidirova04
Xidirova04
01.01.2022
Табиғат бізге, а тапсырылған аманат. Бізді қоршаған ортаны табиғи қалпында сақтау адамзаттың міндеті. Ал, біз сол міндетті орындап жүрміз бе? Көбіне орындамаймыз.  Біз табиғатқа демалуға шықсақ, өзімізден кейін қоқыстарымызды жинамаймыз, кейде от жақсақ оны өшірмей, ормандарда өрт тұтану қаупін тудырамыз. Ашық су көздеріне де немқұрайлы қарап, тазалығын сақтамаймыз. Ал, автокөліктерден шығатын газбен ауа ластанады. Сонда адам өзіне пайдалы табиғат сыйларын өздері құртады. Сондықтан табиғат таза болса- аман болар азамат деген асыл сөзді ұмытпайық.
4,5(23 оценок)
Ответ:
SavchukAndrew
SavchukAndrew
01.01.2022
Мен - облыстық «Сарыарқа самалы» («Қызыл ту») газетінің елу жылдан бергі тұрақты оқырманы әрі жергілікті жерден азды-көпті мақалалар жазып, қалам тербеп келе жатқан авторларының бірімін. Сондағы байқағаным – басылым үнемі уақыт талабына сай оқырмандарына қызмет етіп келеді. Қазір газеттен қаламы қарымды журналистердің ізденіспен атқарып келе жатқан еңбектерін танисың, сүйсінесің. Бүгінгі таңда тарихтың көзден таса қалған мәселелері төңірегінде де газетте аз жазылып жүрген жоқ. Бұл, әрине, оқырман қауымды қуантады деп ойлаймын.

    Келер жылы «Сарыарқа самалы» газетінің жарыққа шыққанына 85 жыл толады. Осы мерейтойға орай айтайын дегенім, газетке аймағымыздағы әрбір қазақ отбасы тұтас бір жылға жазылса екен деймін. Сонда рухани байлығыңыздан көз жазбайсыз, отбасыңыздағы ұл-қызыңыз да бұл басылымды оқып, пайдасын сезінер еді.

    Сөзімнің соңында, «Сарыарқа самалы» газетінің мерейі үстем, мәртебесі биік болсын демекпін.

 

 
4,7(94 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ