Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Бала кезінен өте зерек болып,төрт жасында хат таниды.
Мағжан Жұмабаев алғаш ауыл молдасынан сауат ашқан.
Мағжан 1910 жылы Қызылжардағы медреседе оқып, мұнда шығыс тілдерін үйренеді.
Мағжан орыс тілін жетік меңгергенінің арқасында Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон,Гете сынды ақын-жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Мағжан ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен кіші кезінен сусындап өскендіктен, тұңғыш рет Абай атамызға арнап"Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға"атты өлең жазады.
Мағжан Омбы мұғалімдер семинариясын алтын медальмен бітірген.
ответ:— Не дүниенің сырын білуде есік ашатын алтын кілт болады?
— Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт — БІЛІМ.
— Білім туралы бабаларымыз не деген еді?
— Бабаларымыз білім туралы «Күш білімде, БІЛІМ КІТАПТА», — деген.
— Егемен еліміздің ертеңі кімдер?
— Егемен еліміздің ертеңі — ЖАС ҰРПАҚ.
— Өнегеге толы кітаптарды көп оқыған адам қандай болып өседі?
— Өнегеге толы кітаптарды, ақын-жазушылардың шығармаларын көп оқыған адам БІЛІМДІ, ТӘРБИЕЛІ, ӨНЕРЛІ болып өседі.
— Ағылшын философы — Френсис Бэкон кітап туралы не деген еді?
— Ағылшын философы — Френсис Бэкон: «Кітап оқу адамды БІЛІМДІ, етеді, жазып отыру әдеті — САУАТТЫ ЕТЕДІ», — деген.
Объяснение:Если не нашла то вот ответы
білім
білім кітапта
жас ұрпақ
білімді, тәрбиелі, өнерлі
білімді
сауатты етеді
Қызыл кітап[1]-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.

сапсан.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.