Өз елің – алтын бесігің.
Бірде бізге мұғалім “қандай елдерге барып,саяхат жасағыларың келеді?” деп сұрақ қойған.Сыныптастарым: “Жапония!Ұлыбритания!АҚШ!” - деп шулап қоя берді.Ал мен болсам үнсіз қалдым.Үйге келіп бұл сұраққа шындап ойлағанымда “туған жерімнен басқа жаққа кеткім де келмейді” деп шештім.Әрине, әркімге әрқалай.Алайда менің Қазақстаным өзіме қымбат та қадірлі, сүйікті әрі аяулы.Қазақ жерінің асты да,үсті де қазынаға бай.Ал қазақ халқының жомарттығына,ақкөңілділігіне еш халық тең келмейді.Мен осы жерде қасиетті алтын бесікте ардақты ана сүтімен көзімді аштым,есейдім.Мен осы жерде дара ұстаздарыммен білім алудамын.“Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық" демекші,маған Қазақстанның аптап ыстығы да қатаған сары аязы да өзінше жылы,қымбат.Басқа елде бар нәрсе менің де байтақ туған жерімнен табылады.Сондықтан да мен “өз елің – алтын бесігің” деген қағиданы нық ұстанып,туған елім мен жерімнің өркендеуіне ат салысатын боламын.
Жаз - төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Балалар демалысқа шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Ал кейбірі жүктерін жинап, алыстағы туыстарына жол тартады. Жазда күн астында жүріп-ақ қарайып кетесің. Мен өзім Қызылорда облысының тұрғынымын. Қызылордада жаз өте ыстық болады. Арасында жаңбыр да жауып тұрады. Жаз мезгілінде егін егіп, бақшаның жұмысымен жүресің. Не ексең, соны орасың дегендей, қалай еңбектенсең, егіндерін жемісін береді. Әрине, біздің көп жейтін жемістеріміз қауын-қарбыз. Біз оларсыз жазды өткізе алмаймыз. Жаз мезгілінде алыстан құстар ұшып келеді, олар да шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып жүреді. Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тақылдаған тоқылдақтар осының бәрі жаздың сәні демейме?! Бақшамызда түрлі гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашуда, оларға бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақты және т.б. жатқызамыз. Міне, осылай жазда өтіп кетеді. Әне-міне дегенше, күзде келіп, балалар да сабақтарына жол тартады.