Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. ол мейрам қайдан шықты, кімдер тойлаған еді және жаңа жылмен христиан дінінің қатынасы бар ма? . қала берді жаңа жыл туралы мұсылмандар қандай ойда немесе ол мейрамның мұсылмандарға қаншалықты қатысы бар? алдымен айтармыз: кеңес одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынған болатын. тек 1937 жылы ғана сталиннің бұйрығымен 1 қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат берілді. 1937 жылға дейінгі шыршалардың басында 8 бұрышты жұлдыз болған, тек 1937 жылы кеңес одағының үкімі бойынша 8 жұлдыздың орнына 5 жұлдыз қолданылатын болды. рождество христово мен жаңа жылдың шығуы туралы қысқаша мәліметтер берер болсақ: бірінші ғасырда, яғни, милади жыл санағы бойынша, христиан діні пайда болған кезде, діннің екі жауы болған. «үштік», яғни құдайды үшеу деп білген митраизм түріндегі язычниктер және монетизмді уағыздайтын юдаизм. язычниктер құдайды үшеу деп үштік түрінде уағыз ететін. енді сол үштік сенімді уағыздайтындардан мысал келтірейік. вавилондық үштік – ану, оның энлиль және энки. римдік үштік – юпитер, юнана және минерва. семиттік үштік – отец, сын и мать яғни әке, шеше және . бұлардан басқа индуистік – брахма, вишну және шива. парсылардың ормузд, митра, ахриман және египеттік осирис, исида және гор немесе эмпефт, эйктион, пта деп те аталады. халдейлік бел-сатурн, бел-юпитер (сарапшы), бел-хом (аполлон). соңғы үштік үшеуі қосылып ұлы құдай деп аталады. бұл үштіктердің барлығы христиан дініндегі үштіктермен тұп-тура келеді. әсіресе буддалықтардың үштіктері сай келеді. буддалықтардың үштіктерін айтып өткеніміздей брахма, вишну және шивадан құралады. брахманы әке деп атайды. вишнуды пастырь және пророк деп көреді. ал шиваны иләһи руһ деп ойлайды. бұл үштік «тримутра» орыс тіліне тройца деп аударылады. олар бұл үштік терең құпия деп түсінеді. құпия болғаны себепті оны ешкім білмейді және түсінбейді дейді. бұл құпия әлемдік дух брахматмамен қосылған кезде ғана біледі дейді. бұл атап өткен үштіктеріміз жерорта теңізінің жағалауында христиан дінінен бұрын пайда болған. барлығыда бұл үштікті құпия ретінде санайды. христиан діні пайда болған кезде осы діни ағымдар өздерінің діни сенімдерін христиан дініне кіргізіп, оны да өздерінің қатарына қосып алған. сіздерге түсінікті болу үшін мысал келтірейін: егер жас қозы қасқырлардың арасына түссе не болады? міндетті түрде қасқырлар қозыны талан-таражға салып жеп қояды. сол сияқты христиан діні де жас дүниеге келген кезде оны басқа сол кездегі діни ағымдар жеп қойған және өздері жаңа дінге өзгерістер енгізген
Үш санына байланысты; Үш көз;Су анасы - бұлақ,жол анасы-тұяқ,сөз анасы- құлақ. Үш тоқтам; Ақыл-арқан,ой-өріс,адам-қазық. Үш қасиет; Өліде-аруақ,малда-кие, аста-кепиет. Үш талғам; Мейірім-сауап, жақсылықтан шарапат,жамандықтан кесепат. Үш жүз; Ұлы жүз,Орта жүз,Кіші жүз. Үш тәтті;Жан тәтті,жар тәтті,мал тәтті. Үш қуат; Ақыл,жүрек, тіл. Үш жұрт; өз жұртың- күншіл,қайын жұртың-міншіл,нағашы жұртың- сыншыл. Жеті санына; Жеті санның дүниежүзілік дәстүрде өте жиі, тұрақты ,орнықты болып кездесетіндігін білеміз. Жеті саны-қазақ үшін де киелі. 7 санына байланысты жеті жұт немесе жұт-жеті ағайынды.Олар-құрғақшылық,жұт (малдың қырылуы), өрт, оба, соғыс,топан су, зілзала (жер сілкіну). Жеті жоқ; жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ,Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ. Жеті қазына-ұрпақ жалғасы деп есептеледі. Сонымен қатар жеті жетім, жеті шәріп,жеті ата ұрпағымыздың өрісін,танымын кеңейтеді. Жеті күн; Дүйсенбі,сейсенбі, сәрсенбі,бейсенбі, жұма,сенбі,жексенбі. Жеті амал;Тоқсанның кіріуі,киіктің матауы,мұздың қатуы,айдың тоғамы,үркердің батуы,қарашаның батуы,күннің тоқырауы. Жеті қазына;-Ер жігіт,сұлу әйел,берен мылтық,ақыл,білім,жүйрік ат, қыран бүркіт,жүйрік тазы. Тоғыз саны; Тоғыз саны-әлдебір толықтылықты,түгелділікті білдіреді,үйірімен үш тоғыз,байлықты,жеңісті білдіреді. Қырық саны; Қырық-көп жағдайда кез келген өлшемнің (уақыты,кеңістіктің) ең шеткі,ең соңғы межесі,шебі,шекарасы.Қырық сөзі абак таңбадағы шебер сызығын білдірген.Сандық көрсеткіш бойынша берсек,40дегеніміз-кіндік нүкте.40 санына байланысты қазақ халқының қырқынан шығару,қырқын беру.