«Алтын адамның» бас киімі сақтардың ғарыш туралы танымының мысалы. Бұл үш әлемнің өзіндік үйлесімділігінен құралған модель: жерасты, ортасы – жер, жоғарғы жағы – аспан. Әлемнің төрт бұрышы бар – оң, сол, алды және арты.
Алдыңғы бөлігі – шығыс жақ, артқы бөлігі – батыс жақ. Бас киімдегі оюлар көлденең үш бөлікке бөлінген. Алтын таулар мен ағаш тізбесімен жиектелген. Тау етегінде «қыс аңдары» – жолбарыстар мен ешкілер бейнелеген. Ал шыңында – құстар, қанатты жолбарыстар (тигрогрифондар).
Ою-өрнектің жиегі әлемдік тау жотасын білдіреді, сақтардың көзқарасы бойынша, әлемді барлық жағынан қоршап тұр деген сөз. Ою әлемнің үш бөліктен құралғанының символы іспеттес: жерасты әлемі, жер, аспан.
Сақиналы фриздердің төрт айқас секілді орналасқан төрт жақтағы нүктеде аңдардың (барыс, тауешкі) бейнесі орналасқан.
Бас киімнің алдыңғы бөлігінде барлық ғарыштың символы – күн эмблемасы жайғасқан: төрт қанатты ат пен төрт алтын жебе. Бұл барлық үш әлемнің үстіндегі билік пен күн жолындағы әлемнің төрт бөлігінің белгісі.
Адамға мұндай тәжді кидіру – барлық ғарыш туралы аңызға билік ету. Көсем мен басындағы, үстіндегі киімдер әлемнің өсін, яғни орталығын білдіреді – бұл әлемнің құрылымы туралы сақтардың мифологиялық көріністері.
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.