Бағдаршам туралы өлең тақпақтар.
1. Қалада көлік көп,
Қалада апат көп.
Сақтайтын апаттан,
Тек қана бағдаршам.
Бағдаршам, бағдаршам.
Бағдаршам біледі,
Бәрін де көреді.
Адам да, көлік те,
Сол шаммен жүреді.
Бағдаршам, бағдаршам.
Үлкен біздің қаламыз,
Есте сақтап аламыз.
Қызыл, жасыл, сары шам,
Көшеде тұр бағдаршам.
Бағдаршам, бағдаршам. (Автор: С. Дүкенбай)
2. Бағдаршам
Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,
Қиылыста қарсы алады бағдаршам.
Менікіндей екеу емес, үш көзді,
Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.
Көзі алысты қалт жібермей қырағы,
Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады.
Қызыл, сары, жасыл түсті көздердің
Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады:
Қ — Қызыл түс — қимылдама, баспа алға,
Қиылыста қарап тұрма аспанға.
С — Сары түс — сәл сабыр ет, дайындал,
Ж — Жасыл түс, жүре бергін, жасқанба.
3. Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін:
«Тоқта!
Сақтан!
Жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
4. Күндіз түні жанамын
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар
Белгілі жаспен кәріге
Мен бағдаршам боламын.
5. Бағдаршам (Авторы Ә.Табылдиев)
Менің атым̶ бағдаршам
Кеудем толы жанған шам
Қызыл көзім жанғанда
Сақ болыңдар тоқтаңдар!
Сары көзім жанғанда
Сабырлылық сақтаңдар!
Жасыл шамды көрсеңіз
Бола береді өтсеңіз!
Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O