Термин сөздердің ережесі.
Термин сөздер – белгілі бір ғылымның, техниканың, спорттың салаларына жататын сөздер. Терминдер бір ғана тура мағыналы сөз болып келеді.
Терминдегі сөздердің басты қасиеті мынадай:
а) ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек.
ә) термин сөздер дара бір мағыналы болуы керек.
б) термин сөздердің көпшілігі дүние жүзі тілдерінің бәріне ортақ болуы керек.
Термин сөздерді кейде арнаулы сөздер деп те атайды.
Термин сөздер ғылымның барлық саласында кездеседі:
1. Әдебиет пен өнерге байланысты терминдер: роман, театр, филармония, актер, образ, дирижер, режиссер.
2. Лингвистикаға байланысты терминдер: лексика, фонетика, морфология ,синтаксис, омоним,синоним, антоним, орфография, архаизм, историзм, бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш т.б.
3. Спортқа байланысты терминдер: футбол, баскетбол, волейбол, хоккей, шахмат, бокс, акробат т.б.
4. Ғылымға байланысты терминдер: математика, синус, биссектриса, көбейту, косинус, тангенс, геометрия, алгебра, химия, физика, формула, азот, хлор, азон, металл т.б.
Қосымша: Интернацианалдық термин – әлемнің көптеген елдерінде бір атаумен қолданылатын термин.
Мысалы, фонетика, грамматика, экология, бизнес, интернет т.б.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек. Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті. Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!