1. өздерің танысқан мақала қай газетте жарық көрді? 2. иштван қоңыр кім, ол қандай кітап жазды? 3. faлым қандай сұраққа жауап іздеді? 4. иштван қай елдерде болды? 5. оның ізденіс-болжамдарының қандай лингвистикалық және тарихи негіздері бар? 6. венгрлер өз тілін қай ғасырға дейін сақтап келген? 7.
faлымның қазақ тіліне қызығушылығы қай кезден басталды? 8. ол қазақ тілін қалай үйренді? 9. ол нені армандап еді? 10. арманын қалай іске асырды? 11. қандай армандары іске аспай қалды?
Табиғатқа саяхат.
Көптен күткен жылдың ең әсем жыл мезгілі – көктем де келіп жетті. Биылғы жылы қыс қатты болған соң, күн кеш жылынды. Табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түсті. Жылы жақтан құстар қайтып, "көктем келді" бір - бірімен жарыса айналаға жар салуда. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер де шыға бастады. Айнала әсем күйге еніп, табиғат жандана түсті. Осындай көктемнің шырайлы күндерінің бірінде демалыста отбасымызбен табиғат аясына серуендеуге шықтық. Қала сыртындағы орманда таза ауамен тыныстап, құстардың сыңғырлаған әсем әндерін тыңдап, біраз серуендеп үйге қайттық.